Нұрмұхамед БАЙҒАРА
Нұрмұхамед БАЙҒАРА«Egemen Qazaqstan»
31 материал табылды

Әлем • 02 Шілде, 2019

Атамбаевты мәртебесінен айырды

Көрші Қырғыз Республикасында былтырдан бері жалғасып келе жатқан саяси текетірес жаңа деңгейге шыққандай. Нақтырақ айтсақ, 27 маусым күні қырғыз Парламенті Жогарку Кеңеш елдің бұрынғы басшысы Алма­з­бек Атамбаевтан экс-прези­дент ретіндегі ерекше қол сұғыл­мау мәртебесін алып тастады. 109 депутаттың 103-і Атам­баев­қа қарсы дауыс берді. Пар­ла­мент қаулысы бірден Бас про­куратураға жолданды. Тегін­ емес. Прокурорлар экс-прези­дент­ке қарсы бірнеше қылмыс бо­йын­ша айып тағуы мүмкін.

Президент • 01 Шілде, 2019

Президенттің алғашқы 100 күні

Неге 100 күн? Президенттің алғашқы 100 күні концепциясы АҚШ президенті Франклин Делано Рузвельттен бастау алған деген түсінік бар. Ол 1933 жылы Ұлы тоқырау уақытында билікке келіп, алғашқы үш айдай мерзімде кедейлерге көмек беретін, жұмыссыздықпен кү­ре­сетін, банктерге сенімді қалпына кел­тіретін 15 заңды қабылдатып үлгерген екен. Осы саяси дәстүр кейінгі ел басшыларына да әрі мұра, әрі сын ретінде қалып келеді. Кез келген Президент қыз­­метіне кіріскен өзінің алғашқы 100 күнін­де мемлекетті басқару, дамыту стра­те­гия­сын айқындап, нақты шешімдер қабылдап үлгеруі тиіс. 100 күн. Ұзақ та, қысқа да емес.

Қоғам • 28 Маусым, 2019

Медианың миссиясы өзгере ме?

Үкіметтің арнайы қаулысына сәйкес, енді 17 мамыр – Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні, 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі. Басқаша айтқанда, медиа салада қызмет етіп жүргендердің жеке-дара кәсіби мейрамы бекітілді. Алайда бұл қолына қалам ұстап, ақпарат таратуға асыққандардың мәртебесі өзгерді дегенді білдіре ме?

Әлем • 25 Маусым, 2019

БҰҰ Сауд ханзадасына ресми айып тақты

БҰҰ былтыр аса жауыздықпен өлтірілген саудиялық журналист Жамал Хашогги (немесе Хашкуджи) өліміне қатысты ар­найы зерттеу жүргізіп, есеп дайындады. Оның алғашқы нәти­жесін бұл іске жауапты болған Агнес Каламар жариялады. Ол жур­на­лист өліміне Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұха­м­мед бин Салман және осы елдің басқа да азаматтары жауапты деген қорытындыға келді. Сауд Арабиясының Сыртқы істер ми­нистрі бұл баяндаманы мойындаудан үзілді-кесілді бас тарт­ты, тіпті, құжатта өзара үйлеспейтін материалдар бар деп мәлімдеді.

Әлем • 24 Маусым, 2019

Жаңа технологиялық соғыс

Адамзат тарихында мемлекеттер жаңа технологияға қол жеткізу үшін барын салған. Әсіресе қарулы қақтығыс уақытында. Мемлекеттер түрлі қарулардың, ұшақтардың, зымырандардың сызбалары үшін бәйге жариялап, барлаушыларды жіберіп отырған. Бірақ қазіргідей ашық арпалыс деңгейіне жетпеген шығар. Дональд Трамп Қытайдың Huawei компаниясына шектеу қою шараларын бастап кетті. Енді америкалық мемлекеттік органдарға бұл компанияның өнімін алуға тыйым салынады және ешбір АҚШ компаниясы Huawei-ге микрочип немесе басқа да бөлшек сата алмайды. Неге?

Саясат • 05 Маусым, 2019

Еуропарламент сайлауы: Кәрі құрлықтың жаңа саяси күштері

Мамырдың 23-26-сы аралығында Еуропарламентке сайлау өтті. Еуропаның 28 еліндегі партиялар Еуропарламенттегі 750 депутаттық ман­датқа таласты. Көктемде Бри­тания Еуроодақ құрамынан шығып, мандат саны 705-ке азаяды деп күтілген. Дегенмен Брексит келіссөзі әлі жалғасып жатқандықтан, Британия осы сайлауға қатысуға «мәжбүр» болды. Алайда брит елі одақ құрамынан шыққан күні сол елден сайланған депутаттар да Еуропарламентті тастап шығуы тиіс. Енді бұл парламент алдағы 5 жылда жарты миллиард еуропалықтардың мүддесін қорғауы керек. Түсінікті болу үшін біздің елдің саяси жүйесімен салыстырсақ, Еуропарламент – ол Мәжіліс, ал Еуропалық кеңес – Сенат. Ол кеңестің құрамына 28 елдің басшысы кіреді. Еуропалық коммиссия –үкімет. Яғни, атқарушы билік.

Әлем • 29 Мамыр, 2019

Украинаның алтыншы президенті қызметіне кірісті

20 мамыр күні Украинаның жаңа сайланған президентін ұлықтау рәсімі өтті. Оған бірнеше елдің басшылары, өкіл­дері келді. Қазақстаннан Сенаттың вице-спикері Бектас Бек­назаров қатысты. Бұған дейін ешбір саяси тәжірибесі болмаған Воло­димир Зеленскийдің рәсімде қандай мәселелерге назар аударатыны, жалпы шараның қалай өтетіні медиа қауымдастықты қызықтырғаны рас. Себебі В.Зеленскийдің билікке келуі бұл елде жаңа саяси кезең басталғанын білдіреді.

Әлем • 13 Мамыр, 2019

Гуайдоның сәтсіз ұмтылысы

Венесуэладағы саяси дағдарыс өзінің шарықтау шегіне жетті. Президент Модуро мен оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдо өздерін елдің шынайы басшысы деп атаудан жалығар емес. Модуро билікті сақтап қалуға барынша тырысып жатса, Гуайдо оны тартып алудың амалын жасап жатыр. Соғыста барлық әдістер орынды демекші, олар өз мақсатына жету үшін бәріне баруға даяр. Тіпті, Гуайдо жақында мемлекеттік төңкеріс жасауға да тырысып көрді. Тек екі түйе сүйкенсе, арасында шыбын өледінің керімен бұл текетірестен халық қана зардап шегіп жатыр.

Саясат • 06 Мамыр, 2019

Терроризмнің жаңа келбеті

21 сәуірден бері Шри-Лан­ка елінде бірнеше теракт болды. Дәл осы уақытта Шри-Ланка хрис­тиандары Пасха мерекесін той­лап жатқан. Олар әдет­тегідей мейрамды атап өту үшін жергілікті шіркеулерге барған. Дәл сол сәтте үш шір­кеуде және төрт қонақ­үйде жарылыс болады. Оларды жанкештілер жү­зеге асырған.