Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1288 материал табылды

Аймақтар • 17 Қараша, 2020

Nur Otan партиясының Қарағанды филиалы кандидаттарды анықтады

Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалының кезектен тыс XXXIV конференциясының делегаттары Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға үміткерлерді бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz. облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Руханият • 17 Қараша, 2020

Аналарға арналған жәрмеңке

Кеншілер астанасында Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар кеңесінің бастамасымен «Ананың аялы алақаны» атты жәрмеңке ұйымдастырылды. Бұл іс-шарада 15 көпбалалы ана қолдан жасалған бұйымдарын, дәмді тоқаштар мен тұздалған көкөніс түрлерін көпшілік қауымға ұсынды.

Аймақтар • 13 Қараша, 2020

Қарағанды облысында Абайдың көшесі мен ескерткіші ашылды

Қарағанды облысында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясындағы іс-шаралар кең ауқымда жүзеге асырылып жатыр. Мысалы, өткен аптада кеншілердің шағын ғана қаласы Абайда хакімге арналған еңселі ескерткіш орнатылды.Тұғырын қосып санағанда он метр болатын ескерткіштің авторы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Бейбіт Мұстафин. Қоладан құйылған мүсінде ұлы ақын қолына кітап ұстап, алысты ойлы көзімен шолып тұрған кейіпте бейнеленген.

Оқиға • 13 Қараша, 2020

Өртті жеңген өжеттік

Қарағандыдағы Октябрь ауданында орын тепкен жер үйде өрт аяқастынан бұрқ ете қалған. Дәл сол кезде Дамир Оразбеков есімді жас жігіт бір шаруаларымен әлгі үйдің жанынан өтіп бара жатыпты...

Аймақтар • 12 Қараша, 2020

Қазыналы Қарағанды өңірінің қадамы нық

Елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» тақырыпта баяндама жасап, соңынан журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бизнес • 12 Қараша, 2020

Ермаковтың ермегі брендке айналды

Адамда құлшыныс болса, тау қопарады. Мәселен, кейбіреулердің қолынан бәрі келеді, тек құлшыныстың жоғы қол-аяғын жіпсіз байлайды да жүреді. Ал біздің бүгінгі кейіпкеріміз Александр Ермаков есімді шеберді табыстың биігіне өз ісіне деген сүйіспеншілігі ғана емес, жаңаны жасасам, көркем дүние тудырсам деген құлшынысы алып шыққан еді.

Спорт • 12 Қараша, 2020

Ержан Шынкеев: Бапкерлікке байыған соң барамын

Ержан Шынкеевтің күресі туралы мамандар әртүрлі пікір айтатын. Мәселен, оның жеке бапкері, әйгілі Диқанбай Биткөзовтің былай дегені бар: «Ержан – ауыр салмақтағы балуандардың ішіндегі ең шапшаңы. Мұның бір кемшілігі – ауылда өсті де, күрестің қыр-сырын бойына жасынан сіңіре алмады. Яғни, бапкерлері қанша жерден жанын салса да, мұның балуандық негізі дұрыс қаланбаған. Негізі, әр балуанның құрып кеткенде шабуыл жасайтын үш әдісі болады. Ал Ержанның бір ғана әдісі бар: екі аяқтың арасынан қағады, яғни «подхват» деген тәсіл. Осыны жасай алса – жеңеді, жасай алмаса – жеңіледі...». Десе де, қазақтың күрес тарихында бұл балуанның соқталы ізі, қайталанбас қолтаңбасы қалғанын мойындау керек. Қазақ күресі мен дзюдода қатар өнер көрсетіп, ауыр салмақтағы балуандар арасындағы апайтөстің нағыз өзі болды. Төл күрестен 2018 жылы «Қазақстан барысы» атанса, дзюдодан Азия чемпионатының жүлдегері, Шығыс жекпе-жек өнері бойынша Азия ойындарының жеңімпазы, Гран-при иегері болды. Ал енді күреспен қоштасқан Ержан ШЫНКЕЕВ қазір қайда, не істеп жүр? Бүгінгі әңгімемізде осы және басқа да сұрақтарға жауап іздеген едік.  

Аймақтар • 11 Қараша, 2020

Жұмағали Мағзиев: Көтерілген мәселелер ерекше бақылауда болады

Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясына Жұмағали Мағзиев жетекшілік ете бастағалы бұл саладағы жұмыстың тамырына қан жүгірді. Кезінде басқарушылық қызметтерде болып, бай тәжірибе жинақтаған білікті маман басты мақсат тұрғындардың еліміздегі жетекші партияға деген сенімділігін арттыру деп есептейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 11 Қараша, 2020

Қарағанды облысында медпарк 36 реанимобильмен толықты

Кеншілер астанасында облыстағы медициналық мекемелерге арналған 36 жедел жәрдем көлігі өз иелерін тапты. Бұдан бөлек, тағы 24 реаномибиль жыл соңына дейін жеткізілмекші. Айта кету керек, бұл реанимобильдер республикалық бюджет есебінен сатып алынған, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 11 Қараша, 2020

Жас кәсіпкерлер Осакаров ауданы әкімінің грантын алды

Осакаров ауданында талпыныспен іс бастаған жас кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсету жолға жақсы қойылған. Мысалы, биыл жастар арасында әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдауға және жүзеге асыруға 5 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.