Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1288 материал табылды

Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Ақтеректің мұңы әкімнің назарында

Осы жылдың 17 сәуір күні «Егемен Қазақстан» газетінің сайтында «Қарағанды облысы: Ақтеректің мұңы көп, айта берсе...» атты шағын мақала жарыққа шыққан болатын.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Тағы төрт адамнан індет белгілері табылды

Бүгін Қарағанды облысында COVID-19 пандемиясын төрт адамның жұқтырғаны зертханалық негізде расталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қоғам • 28 Сәуір, 2020

Ымырасы жоқтың ынтымағы болмайды

Елдікті ойлап, еңселі болуды мұрат тұтқан азаматтың парызы – небары ширек ғасырда жас Қазақстан мемлекетін әлемге танытқан Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саясатына қолдау көрсету болуы керек.  Елдік мұраттың бастауында елімен етене Елбасының сенімді серіктері мен қолдаушылары жүргенін бүгінгі тарихи дәуір екшеп үлгерді.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Карантиннің қылбұрауы босады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінен соң Қарағанды облысында карантинның қатаң тәртібі жеңілдетілді. Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров мәлімдеді.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Birgemiz қоры 18 мың тұрғынға 50 мың теңгеден береді

Nur Otan партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова Birgemiz акциясы аясында өңір тұрғындарына қандай көмек көрсетілетінін мәлім етті. Мысалы, қазірдің өзінде облыстың үш қаласында 13 мыңнан астам адам 50 мың теңгеден бір реттік көмек алған. Енді,  әлеуметтік жағынан осал 18 мың адам мамыр айында дәл осындай көмек алатын болады. 

Саясат • 28 Сәуір, 2020

Қосшысына басшысы жауапты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет саясатындағы басымдық берілген бағыттың бірі ретінде азаматтардың құқығын қорғауды атап көрсеткен еді. Мұның мәнісі мынада: егер қарамағындағы қызметкер жаза басып, сыбайлас жемқорлық сипаты бар заңбұзушылыққа барар болса, онда таяқтың екінші ұшы міндетті түрде оның тікелей басшысына тиюі керек. Яғни ол қарамағындағы қызметкермен бірге заң алдында жауапкершілікке тартылуы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, қызметтен қуылады.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Карантиннің кезекті «қызықтары»

Қарағанды облысында карантин тәртібінің күшейгеніне қарамастан, індеттің шеңгеліне іліккендер азаяр емес. Бүгінгі күнді санағанда, «жаман тұмау» жұқтырғандар саны 128 адамға жетті. Әзірге дәтке қуат болып тұрғаны, бүгін алты адам ауруханадан айығып шықты. Санап берсек, облыстағы жазылғандардың саны 43 адам болыпты. Шүкір... Міне, қуанышы мен реніші осылай алмасқан карантиннің «қызығы» мен «шыжығы» да таусылар емес.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Алты адам COVID-19 ауруынан айықты

Бүгін Қарағанды облысында коронавируспен ауырған алты адам жазылып шықты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: COVID-19 Теміртауда күшейіп тұр

Бүгін Қарағанды облысында Теміртау қаласының сегіз тұрғынының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Қабылданбаған өтінімдер қайта қаралады

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов облыс тұрғындары үшін 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемнің төңірегіндегі кейбір түсініксіз жайттарға қатысты сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.