Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1288 материал табылды

Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

Қарағандыда жастар автобус жүргізушілеріне маска таратты

Кеншілер астанасында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы өңірлік штабының өкілдері және еріктілер көшеде жүрген адамдар мен қоғамдық көлік жүргізушілеріне медициналық маскалар таратты.

Коронавирус • 27 Наурыз, 2020

«Қарағандыда карантин жариялауға негіз жоқ»

Қарағандыда коронавирус жұқтырғандары расталған екі әйелдің Минск - Нұр-Сұлтан рейсімен 18 наурыз күні Франциядан ұшып келген ұшақтың жолаушылары екендігі белгілі болды. Екеуі бір-біріне жақын туыс болып келетін олар «Сарыарқа» әуежайына қонған бетте ұшақта болған басқа жолаушылармен бірге карантинге жатқызылған екен. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев хабарлады.

Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Қарағандыны дезинфекциялауға әскерилер жұмылдырылады

Кеншілер астанасында әскери қызметшілер бүгіннен бастап көшелер мен ғимараттарды және нысандарды дезинфекциялайтын болады. Әсіресе, теміржол мен автовокзалдарды арнайы өңдеуден өткізуге баса мән беріледі.

Аймақтар • 24 Наурыз, 2020

Қарағандылық спортшылар тұрғындарды онлайн-жаттығулармен қолдайды

Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы #antivirus челленджін іске қосты.Мұның мәнісі мынада: қазіргі таңда оқшаулану жағдайына байланысты өңірдегі спорт залдары жабық, бассейндер мен фитнес-клубтар жұмыс істемейді.

Аймақтар • 24 Наурыз, 2020

Қарағандылық ісмерлер «Кет, COVID-19!» деген жазуы бар маскалар тіге бастады

«Сұраныс ұсынысты тудырады» деген рас сөз. Медициналық маскаға деген қажеттілік қарағандылық ісмерлерді тың ізденістерге баруға итермеледі. Мысалы, облыстағы Абай қаласының тігіншілері «Кет, COVID-19!», «Деніміз сау болсын!»және басқа да жалт қаратар жазулары бар бетперделер тіге бастады.

Қоғам • 24 Наурыз, 2020

Қарағанды облысында балабақшалар жұмыс істей береді

Қарағанды облыстық білім басқармасы өңірде қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалды зерттей келе, сонымен қатар әлеуметтік желілер мен call центр чатында жүргізілген мониторингтің қорытындысына сүйене отырып,облыс бойынша барлық балабақшаның штаттық режимде жұмыс істей беретінін  хабарлады.

Қазақстан • 24 Наурыз, 2020

Қарағанды: Арқаның дүлдүл әншісі «Егемен» оқырмандарына ән салып берді

Қали Байжанов атындағы Қарағанды облыстық филармониясының әншісі, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, Жүсіпбек Елебеков атындағы ІІІ рспубликалық ән конкурсының гран-при иегері Ержан Базарбеков «Егемен Қазақстан» газетінің оқшаулану тәртібі бойынша үйде отырған оқырмандарына, жалпы барша әнсүйер қауымға  әсем әннен тарту жасады.

Аймақтар • 22 Наурыз, 2020

Қаз-қалпында: Кеншілер астанасы және коронавирус елесі

Шаш алдыру керек болды да такси шақырдым. «Онлайн-такси» қызметін пайдаланып жүргенімізге бірер жылдың жүзі болған. Жалпы алғанда, өз басымның бұлардың қызметіне алғыстан басқа айтарым жоқ. Талай асыққан кезде жолымнан бір де бір қалдырған емес...

Аймақтар • 22 Наурыз, 2020

Қарағанды облысында мейрамхана тігін цехына айналды

Қарағанды облысының қалталы азаматтары ел басына күн туғандай болған қиын шақта өздерінің шынайы болмыстарының қандайлығын көрсете бастады. Олар Тұңғыш Президенттің барлық қазақстандықтарды Мемлекет басшысы мен Үкіметтің коронавируспен күреске бағытталған іс-қимылдарын қолдауға шақырған үндеуін дер кезінде үн қоса білді.