Орынбек ӨТЕМҰРАТ
Орынбек ӨТЕМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
686 материал табылды

Коронавирус • 19 Тамыз, 2021

«Қызылдың» құрсауынан вакцина ғана құтқарады

Бірнеше айдан бері «қызыл аймақтың» құрсауында тұрған Нұр-Сұлтан қаласында эпидемиялық ахуал әлі оңалар емес. Індеттің кесірінен тынысы тарылған қаланы бұл тығырықтан шығарар бірден-бір жол – тұрғындардың жаппай вакцина салдыруы және қауіпсіздік шараларын мейлінше қатаң ұстану екені түсінікті.

Білім • 18 Тамыз, 2021

Халықаралық олимпиададан – үш медаль

Қазақстандық оқушылар география пәнінен өткен халық­аралық олимпиадада (IGEO-2021) үш медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында бір алтын, бір күміс және бір қола бар. Олимпиада Түркияның Ыстанбұл қаласында 10-16 тамыз аралығында онлайн форматта өтті. Зияткерлік жарысқа әлемнің 46 елінен 200 оқушы қатысты.

Коронавирус • 17 Тамыз, 2021

Салғырттық сан соқтырып жүрмесін

Берекетімізді қашырған бәлекет індет барған сайын үрейімізді ұшырып, үдеп барады. Алқымнан алатын адуыны қатты ауру айналамыздағы талай жақсы мен жайсаңнан айырып жатыр. Кеше ғана есен-сау, елге ес болып жүрген тұлғаларымыздың кенеттен кесапат кеселдің кесірінен қайтыс болғанын естіген жұрт әжептәуір есеңгіреп қалды. Жалпы, елімізде күн сайын жүзден аса адамнан көз жазып қалып жатырмыз.

Экономика • 13 Тамыз, 2021

Қазпошта ауыл – аймақтағы қызмет аясын кеңейтіп жатыр

Бүгінде ұлттық пошта операторы цифрлы трансформациялау аясында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жаңа қызмет түрлерін қолға алып отыр. Электрондық-сандық қолтаңба алу немесе жұмысмен қамту, денсаулық, жылжымайтын мүлік бойынша анықтамалар қажет болса, қалаға жол тартудың қажеті жоқ. Бүгінде Қазпоштаның автоматтандырылған бөлімшелерінде мемлекеттік және әлеуметтік қызметтер ұсынылған.

Білім • 12 Тамыз, 2021

«Ақмешіт» институты жабылуға жақын

Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты бас лицензиясынан айырылды. Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жүргізген қайта тексерудің нәтижелері осындай болды.

Коронавирус • 11 Тамыз, 2021

Sinopharm вакцинасының алғашқы партиясы

Кеше Алматыға Sinopharm вакцинасының бірінші партия­сы бар ұшақ келіп қонды. Қытай Халық Республикасы­мен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде жеткізілген корона­вирусқа қарсы бұл вакцина СҚ-Фармация бірыңғай дистрибьюторының қоймаларына қабылданды.

Білім • 09 Тамыз, 2021

Халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар Химия пәнінен өткен халықаралық олимпиадада (IChO-2021) төрт медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында үш күміс және бір қола бар.

Коронавирус • 08 Тамыз, 2021

COVID-19: Қатарымызды кемітіп жатқан қатер

Біздің көбіміз әлі де мойындай қоймаған, қауіп-қатерін толық сезінбеген коронавирус індеті күн сайын қаншама адамның жанын қысып азапқа салып, өмірін жалмап жатыр.

Білім • 06 Тамыз, 2021

Қазақстандықтар тегін оқи алатын елдер саны артты

Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жасалған үкіметаралық келісімдер шеңберінде қазақстандықтар тегін оқи алатын елдер саны артты. Енді қазақстандықтарға Словакия, Әзербайжан және Вьетнам елдері де гранттар бөледі.

Саясат • 06 Тамыз, 2021

Ұлт саулығын сақтауға бағытталған ұлттық жоба

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың төрағалығымен «Саламатты ұлт» азаматтарға арналған сапалы әрі қолжетімді денсаулық сақтау жүйесі» ұлттық жобасы» тақырыбында онлайн-кездесу өтті. Іс-шараға министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.