Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1597 материал табылды

Қоғам • Бүгін, 07:43

Ең асыл қасиет – адалдық

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы медиаторлар кеңесінің ұйымдастыруымен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжінде студенттермен кездесу өтті.

Руханият • Кеше

Арыстар ұмытылмауы керек

Келер жылы Қызылорда қаласының астана болғанына тұп-тура бір ғасыр толады. Сол жылдары ел байтағы болған шағын шаһар халқы 20 мыңның айналасында болған екен. Бірақ осы кезең ішінде ұлт қайраткерлері дария жағасындағы қалада қоғамдық-саяси һәм мәдени орта қалыптастыруға барын салды. Талай қабырғалы қаламгердің ұлт әдебиетінің қорын байытқан жауһар шығармаларының негізі осы Сыр бойында қаланды. Солардың арасында биыл туғанына 130 жыл толып отырған Сәкен, Ілияс, Бейімбет бар еді.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2024

30 мыңға жуық ағаш көшеті егілді

Елімізде басталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Сыр өңірі жұртшылығы «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық науқанына жұмыла кірісті. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақ тұрғындарын бастамаға белсене қатысуға шақырған үндеу жариялады.

Халық • 12 Сәуір, 2024

Көмек керуені жолға шықты

Су басқан өңірдегі ағайынға тілектестік танытып, жан-жақтан жәрдем қолын созып жатқандар аз емес. Бұл ретте Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуді тапсырды.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2024

Сырда егіс басталды

Өзге өңірлерді тасқын су қаупі әбігерге салып жатса, Сырда биыл да дария арнасы бұрын­ғы деңгейіне жетпей тұр. Десе де ерте көктем­нен-ақ егіс даласына шық­қан шаруалар жаңа жоңышқа, жаздық бидай, арпа, мақсары мен қант құмайын 16,5 мың гектарға егіп қой­ды. Ма­­мырға дейін егіс­­тен босамайтын қауым­­ның ендігі уайымы – су тап­шылығы.

Экономика • 10 Сәуір, 2024

Географиялық нұсқама – кәсіпкер құқын қорғаушы

Өткенде ғана кәмпит өндірісімен айналысатын қазалылық кәсіпкер өнімінің атын жамылып, танымал тәттіні саудалайтындар бар екенін айтқан еді. Тіпті осы тауар белгісі арқылы көрші қырғыз елінде де өнімін өткізіп отырғандар кездесіп қалады екен. Ал зияткерлік меншік мәселесімен айналысып жүрген мамандар мұндай келеңсіздіктің жолын кесуге болатынын айтады.

Аймақтар • 09 Сәуір, 2024

Сексеуілді алқаптың ауқымы кеңейеді

Жылдар бойғы жұмыстар нәти­жесінде Арал табанынан құм мен тұз суырылған кешегі кездер де ұмыт болуға айналды. Бүгін­де кепкен теңіз ұлтанында мил­лион­даған сексеуіл көшеті бой көте­ріп келеді. Осынау тындырымды тірлік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбек­станға ресми сапары барысында сөз болып, көрші елмен бірге өңір­дегі эколо­гиялық жағдайды жақ­сарту мақ­сатында бірлескен іс-ша­ралар­ды қолға алу, оның ішінде Арал теңі­зінің түбіне ағаш отырғызу қажеттігі ерекше аталды.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2024

«Жыраулар үйі» ашылды

Сыр өңірінде жарияланған «Руханият жылы» аясында облыстық филармония жанынан «Жыраулар үйі» ашылды. Бағзы өнердің байрағын биіктеткен өңірдегі шараға бабадан қалған жәдігер жырды құрмет тұтатын қауым қатысты.

Өндіріс • 05 Сәуір, 2024

Отандық өнімге сұраныс көп

Қызылордадағы «NP-Consulting» компаниясы шығаратын қорғаныш кас­каларын еліміздің әр түкпіріндегі мұнай, құрылыс, байланыс саласындағы кәсіпорындар пайдаланып отыр. Жергілікті кәсіпкер Ғалым Прекешов басқаратын серіктестік кейінгі жылдары 19 литрлік су бөтелкесіне арналған қақпақ өндіруді де қолға алып, өңірдегі жеңіл өнеркәсіп аясын кеңейте түсті.

Тағзым • 04 Сәуір, 2024

Орталық азияда орны бар

Қазақтың талай қабырғалы азаматы туып-өскен Сырдың бо­йында осы күнге дейін нағыз бағасын алып болмаған қайрат­кер­­лер аз емес. Солардың алғашқысы ретінде Лапиндер әулетін айт­қан болар едік. Қызылорда қаласына жақын Қоғалыкөл өңірін мекен еткен Лапы баласы Мұңайтпастан тараған 19 ұл-қыздың дені қазаққа қалтқысыз қызмет етті. Ұлт өнері мен мәдениетінде өшпейтін із қалдырды. Кеңтүп болысын бас­қа­рып, балаларын шетелде оқытқан, осы өңірде 1903 жылы еу­р­­о­­палық мектеп ашқан Мұңайтпас ішкенге мәз, жеген­ге тоқ бай­­л­ардың қатарынан емес еді. Өресі көз алдындағы ма­лы­ның өрі­­сінен ұзай қоймаған кей қатарлары оның сыртынан «Мұ­ңай­т­­­пастың иті де орысша үреді», деп күңкілдесетін кө­рі­­неді.