Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1584 материал табылды

Спорт • 13 Маусым, 2022

Атаулы жылға арналған ашық турнир

Қазалы ауданындағы Қ.Пірімов ауылында 2009-2010, 2011-2012 жылдары туылған жасөспірімдер арасында бокстан аудандық ашық турнир өтті. Даңқты қолбасшы Жалаң­төс батыр жүлдесі үшін «Балалар жылы» аясында ұйым­дастырылған жарыста 180 оқушы шаршы алаңға шықты.

Медицина • 13 Маусым, 2022

МРТ орталығы ашылды

Қазалы теміржол ауруханасында маг­нитті-резонанстық томография орта­лығы ашылып, 3D/4D режіміндегі ультра­дыбыстық зерттеу аппараты іске қо­сылды. Осыған қатысты өткен жиында аурухана басшысы Құбыл Ршымбетов жаңа орталықтағы құрылғылардың мүм­кін­діктерін көрсетті.

Қоғам • 08 Маусым, 2022

Сью зиянды әдеттен сақтандырады

Отыз төрт жылдан бері дүние жүзінде 31 мамыр темекіге қарсы күн ретінде аталып өтеді. Биыл атаулы күн аясында Қызылорда қаласында «Темекі туралы барлық шындық» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Сырдағы бас шаһардан кейін көрме Тараз, Түркістан, Семей, Павлодар, Екібастұз, Өскемен, Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Жезқазған, Орал қалаларын аралайды.

Қоғам • 07 Маусым, 2022

Балғындар қуанған күн

Балаларды қорғаудың халықаралық күніне орай Қызылорда қаласында «Бақ Орданың бақытты балалары» салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылды. Алты мыңға жуық бала қатысқан думан орталық стадионда өтті.

Аймақтар • 07 Маусым, 2022

Өнерлі өрендерге өріс

Балалар жылына орай Қызылордада өткізіліп жатқан іс-шараларға «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы көп үлес қосып отыр. Орталық мамандары соңғы аптаның өзінде атаулы жыл аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында облыстық бейнеролик байқауын, «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық сайысын, «Жұлдызай-2022» Ұлттық инклюзивті ойындарының облыстық кезеңі мен «Qabilet балалар көзімен» тақырыбында өткізілген республикалық байқауды сәтті өткізді.

Аймақтар • 05 Маусым, 2022

Қызылордада дауыс берушілердің 65,3 пайызы өз таңдауын жасады

Қызылорда облысындағы аумақтық референдум комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес тізімге енгізілген дауыс берушілердің жалпы санының 65,3% бюллетень алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Қызылорда облысы тұрғындарының тең жартысына жуығы дауыс берді

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының соңғы дерегі бойынша аймақтағы 378 сайлау учаскесіне 225 456 адам дауыс беріп үлгерген, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 05 Маусым, 2022

Қызылордада 101 жастағы соғыс ардагері дауыс берді

Қызылорда облысы Сырдария ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, 101 жастағы Яхия Тасыров референдум учаскесіне ең бірінші болып келіпті, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 05 Маусым, 2022

Қызылордада егіншілер ұжым болып дауыс берді

Дәл қазір Қызылорда облысында егіс науқанының қызған шағы, деп жазады Egemen.kz.

Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Туған күнінде дауыс беріп, сыйлық алды

Қызылорда облысы, Арал ауданындағы Жақсықылыш кентіндегі №34 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келген ауыл тұрғыны Нұрсұлтан Әбдіразақов бүгін 18 жасқа толып отыр екен Egemen.kz