Рауан ҚАБИДОЛДИН
Рауан ҚАБИДОЛДИН«Egemen Qazaqstan»
336 материал табылды

Елорда • 15 Желтоқсан, 2021

Ұлттық рух ұя салған

Ұлы даланың төрінде қазығы қағылған ел астанасы ұлттық рухтың мәңгілік мәйегі, алтын тамыры іспетті. Тәу етер Тәуелсіздіктің бүгінгі ұрпағы осы шаһарда арманын аспандатып, талғамын шыңдайды, ойы мен бойын түзейді. Себебі еңселі елорда – Қазақ елінің қаймағы бұзылмаған болмыс-бітімін, асыл қасиетін, кемелдігі мен тереңдігін тербетіп тұрған шырайлы шаһар. «Еділдің бойына ел қондырсам» деп кеткен баһадүр Махамбеттің арманын Елбасы Есілдің бойында орындады. Ел қондырды. Ел сүйсінер еңселі шаһар тұрғызды.

Сұхбат • 14 Желтоқсан, 2021

Мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов: Елдікті еңселі етуде Елбасының еңбегі ерен

Тәу етер тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де биыл ордалы 30 жыл толып отыр. Егемен еліміздің осынау үш онжылдықта жүріп өткен жолы мен жылдар жылнамасына үңілген сайын азаттық алған сәттің тұма бастауында тұрған тау тұлғаларды көретініміз анық. Бұл ретте, біз әр жылдары жауапты қызметтерді абыроймен атқарған ардақты азамат, мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімовпен әңгімелескен едік.

Қоғам • 09 Желтоқсан, 2021

Ерекше жандарға қамқор айрықша шаһар

Елбасының ерекше туындысы саналатын бүгінгі елорда саламатты ұлт қалыптастырудың соны соқпағына түсті. Әсіресе ерекше жандардың ем-домына, оларды оңалту жұмысына баса мән беріліп келеді. Мүмкіндігі шектеулінің мүмкіндігін шектемейтін шаһардағы басты мақсат – қоғамның қамқорлығы мен жан жылуын тарата білу болып отыр. Есесіне, айрықша қамқорлықты қажет ететін қала тұрғындары шарапаты мол істің шапағатын сезінеді.

Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2021

Агроөнеркәсіп кешені алға басып келеді

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде 11 айдағы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларымен таныстырды.

Елорда • 06 Желтоқсан, 2021

Бұқаралық спортты дамытуға басымдық беріледі

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында биылғы 10 айдағы бас шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларымен таныстырды.

Театр • 02 Желтоқсан, 2021

Сәулелі өнердің сәукелесі

Еуразия жүрегінде еңсе тіктеген елорда азаттықты аңсап өткен ата-бабалары­мыздың асыл арманын ақиқатқа айналдыр­ған алып шаһар. Бұл қалада Қазақ елінің қайсар қасиеті мен мәңгілік мәдениеті, өзгеге бергісіз өзіндік өркениеті ұштасып жатыр. Ғұндардың астанасы болған байырғы Бозоқ пен бүгінгі Нұр-Сұлтанның арасында салқар сабақтастық, балталаса бұзылмайтын байланыс бар. Ұлы даланың жүрегі болып дүрсілдеп, байтақ елдің тамырына қан жүгірткен бас шаһар сәулелі өнердің сәукелесіне айналды.

Елорда • 30 Қараша, 2021

Жаһан жұртын жалт қаратқан жауһар шаһар

Ел егемендігінің 30 жылына қадам басқан тұста Елбасының ең ұлы туындысы ретінде ел астанасын айту­ға болар еді. Арқа төрінде айбыны асқақтаған елорда бүгінде жаһан жұртының жанарын жалт қаратқан жауһар шаһарға айналды. Сәт санап ажары адамзат баласын арбап келе жатқан еліміздің бас қаласына атбасын бұрғандар саны артып келеді. Олар жүз түрлі сәулет өнерінің озық үлгісі үйлесім тауып, жүзіктің тасындай нұр шағылған ел астанасын көруге ынтызар. Ең бастысы, Нұр-Сұлтан қаласында туризмді түлетудің ауыз толтырып айтуға болатын әлеуеті бар.

Қазақстан • 30 Қараша, 2021

Халық тұрмысын жақсарту – басым бағыт

Мемлекеттің әлеуметтік-экономи­калық жетістігі ең алдымен ха­лық­тың тұрмыс жағдайымен өлше­неді. Мұны жете түсінген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел тізгінін ұстаған жылдары осы мәселеге баса мән берді. Ауқымды жұмыс атқарылып, маңызды шешімдер қабылданды. Соның нәтижесінде бір кездері тұрмысы тұралап тұрған тұрғындардың әлеуметтік жағдайы бүгінде тұрақты дамудың соны соқпағына түсті.

Аймақтар • 26 Қараша, 2021

Маңғыстауда маңызды жобалар қолға алынды

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аталған аймақтың биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму барысымен таныстырды.

Медицина • 24 Қараша, 2021

Ұлт саулығын ұлықтаған шаһар

Сарыарқаның салқар төрінде қазығы қағылған ел астана­сы сәт санап гүлденіп, талайды таңғалдырып түрле­ніп келеді. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы әлемдік сая­саттың сахнасы ғана емес, отандастарымыздың арман-мұраты, талабы мен тілегі сабақтасқан шаһар. Әсі­ресе, мұнда әлеуметтің әуелгі сұранысы саналатын ме­дицина саласына маңызды мән беріледі. Соның жар­қын дәлелі ретінде елордада 256 медициналық ұйым бар. Соның 31-і – қала әкімдігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар саналады.