Рауан ҚАБИДОЛДИН
Рауан ҚАБИДОЛДИН«Egemen Qazaqstan»
321 материал табылды

Қоғам • 31 Мамыр, 2022

Ұрпақ амандығы – ортақ жауапкершілік

Әр адамның мойнына жүктелген басты парызы, кісілік борышы өмірге ұлағатты ұрпақ әкеліп, оны аман-есен өсіріп жеткізу болса керек-ті. Өкінішке қарай, жалғанның жарығына келген нәрестенің бәрі бірдей есейіп, ер­жетіп кете бермейді. Оның себебін өмірдің заңы деп түсіндіретіндер де табылар еді. Сонда ата-ана жауапкершілігі, бала қауіпсіздігі мәселесін қайда қоямыз? Әсіре­се қараусыз қалған балалар қауіп-қатерге неғұрлым жиі ұшырай­тынын мойындайтын кез келді.

Медицина • 31 Мамыр, 2022

Қатерлі ісік: Балалар дерті адамзатты алаңдатады

Жаһанды жайлап алған онкологиялық аурулар өкінішке қарай, балаларды да айналып өткен жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын жер бетінде 400 мыңға жуық бала мен жеткіншек қатерлі ісікке шалдығады. Ал Қазақстанда жыл сайын шамамен 600 балақай жас талғамайтын жаман аурудан жапа шегеді. Соған қарамастан, отандық дәрігерлер қолдан келген көмегін жасап, күрделі дертпен күн демей, түн демей күрес жүргізіп келеді.

Референдум-2022 • 30 Мамыр, 2022

Әлеуметтік зерттеудің әлеуеті зор

Қазақстандықтардың 75,9%-ы Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды қолдауға дайын. Бұл туралы Amanat партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты «Әлеумет» жобасы аясында жүргізген Referendum: Halyq üni зерттеуінің қорытындысында белгілі болды.

Медицина • 23 Мамыр, 2022

Сапалы медицина: Сақтандыру ісіне салғырт қарамайық

Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қолға алынғалы бері оның қызмет аясына қатысты әртүрлі сұрақ-сауал туындап жатқаны анық. Көптің көкейінде жүрген мұндай сұрақтардың бір парасына жуырда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров жауап беріп, МӘМС жүйесінің елорда аумағындағы биылғы жұмыс барысы туралы баяндады.

Қоғам • 19 Мамыр, 2022

Ел денсаулығы – ерекше назарда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау­ларында және Үкіметтің кеңейтілген отырыстарында отандастарымыздың денсаулығын сақтау, медицина саласын дамыту мақсатында бірқатар тапсырма жүктеген еді. Орталық коммуникация­лар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осы тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.

Қоғам • 17 Мамыр, 2022

Еңбек адамы қорғаусыз қалмайды

Елордада Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) қолдауымен Орталық Азия кәсіподақтарына арналған «Инклюзивтілік, орнықтылық және өміршеңдік – дағдарыстың салдарын жеңілдетуге арналған кәсіподақтар саясаты» тақырыбында екі күндік аймақтық конференция ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ұлттық кәсіподақ орталықтарының өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Медицина • 17 Мамыр, 2022

Неонаталды хирургия: Ұлт мүддесі – ұрпақ саулығы

Әрбір ата-ана өмірге шекесі торсықтай, қол-аяғы балғадай дені сау ұрпақ әкелсем деп армандайды. Алайда өмір өз дегенін жасайтын жайттар жайында жиі естиміз. Әсіресе, нәрестенің бойындағы туабітті ақаулар алаңдатады. Ал оған жол бермеу, ұрық жатыр ішінде жатқан кезде ақаудың алдын алу мүмкіндігі бар ма? Бақсақ, бар болып шықты. Тіпті, ондай көмекті ат терлетіп алыстан іздеудің де қажеті жоқ. Бүгінде неонаталды хирургия саласындағы отандық дәрігерлердің өзі осы олқылықпен күресуге қауқарлы.

Қоғам • 15 Мамыр, 2022

Прекариаттар табы: Тұрақсыз жұмыстың тұрақты өкілдері

Тұрақсыз жұмысқа еті үйренген адамның тұрақты табысы да, кірісі де болмайды. Өкінішке қарай, елімізде «жүргенге жөргем ілінедіні» жөн санап, таңғы асын Тәңірден күтетін, болашағы бұлыңғыр, әлеуметтік тұрғыда аз қорғалған адамдардың саны күн санап артып барады. Әзірге әлем жұртшылығы өркениетті қоғамның өзегіне түскен осынау жегі құртты жеңе алатын жол тапқан жоқ. Жеңу былай тұрсын, жаңа технологиялардың жарылқауына қарап уақытша жұмыстың уақыты енді келді ме деген ойда қаламыз...

Медицина • 12 Мамыр, 2022

Жұмылсақ, жұлындағы дертті де жеңе аламыз

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының маңызды бағытының бірі – сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсету. Қор аталған бағыт бойынша ауқымды жұмыстар атқарып, маңызды қадамдар жасап жатыр.

Экономика • 29 Сәуір, 2022

Автомобиль өндірісі: Отандық өнімге өзге елден сұраныс бар

Қазақстанда автокөлік мәселесі кейінгі үш онжылдықта түбегейлі шешімін тапты деп айта алмаймыз. Тұтынушыларды бәрінен бұрын қос бүйірден қысып тұрған қымбатшылық қинайды. Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының өзін жең ұшынан жалғасқан жемқорлық санайтындар бар. Соған қарамастан Қазақстанда автокөліктер мен ауылшаруашылығы техникаларын құрастыру ісі кенжелеп қалған жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында баяндалып, отандық автоөндірістің бүгінгі хал-ахуалы, жай-жапсары айтылды.