Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1640 материал табылды

Ахмет Байтұрсынұлы • 20 Маусым, 2022

Сартүбектегі «Ахметтің үйі» көне жәдігер емес

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына дайындық шаралары аясында ұлт ұстазының Сартүбектегі үйін жаңартуға биыл 22 млн теңге қаржы бөлінген. Осылайша, тендер жарияланып, оны ұтып алған мердігер компания мамырда жұмысқа кірісіп кеткен-ді. Артынша жергілікті тұрғындар құрылысқа сапасыз материалдар пайдаланылып жатқаны туралы видео жариялады. Әлеуметтік желіде үлкен дау туғызған видеодан үйдің іргетасының жоққа тән екенін, қабырғаға қаланып жатқан кірпіштердің қолмен ұстаса үгітіліп кете беретінін көруге болады.

Қоғам • 16 Маусым, 2022

Тағыл құбылысы

Сарыкөл ауданындағы Тағыл елді мекенінде 28 егіз бала тұрады. Тұрғындардың айтуынша, ауылда егіздердің көбеюі араға 20-25 жыл салып қайталанып тұрады. Тағы бір ғажабы, Тағылдың байырғы тұрғындарын былай қойғанда, бұл елді мекенге сырттан көшіп келген отбасының шаңырағында бес-он жыл өткен соң егіз сәбилер дүниеге келе береді екен.

Бизнес • 15 Маусым, 2022

Гранттардың көлемі ұлғайды

Қостанай облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы өңірде шағын кәсіпкерлікке бет бұрып жатқандардың қатары едәуір көбейгенін мәлімдеді. Осыған сәйкес, жаңа кәсіп бастап жатқан немесе бизнесін кеңейткісі келген кәсіпкерлердің жоба-бастамаларына бөлінген қолдау қаржының көлемі де ұлғайып отыр.

Қазақстан • 12 Маусым, 2022

Киіктің киесі бар, жердің иесі бар

Ақбөкендерді атуға рұқсат ету туралы заң жобасы ашық талқылауға ұсынылғалы ел ішінде бүгінде шектен тыс көбейіп кеткен киіктің ауыл шаруашылығына келтіріп жатқан зияны туралы жиі айтыла бастады. Өйткені сайын даланы еркін төстеп, 50 млн жылдан бері адамға азаттығын алдырмай келе жатқан дала еркесі мен қолға үйреніп қоңырқай тіршілікке мойынсұнған төрт түліктің арасындағы бәсеке жыл санап ушығып барады.

Аймақтар • 08 Маусым, 2022

Әмбебап әкім

Ауыл әкімдерінің сайланғанына да бір жылға таяп қалды. Енді «Елдің өзі таңдап алған әкім қалай жұмыс істеп жатыр? Жағдайы жақсы ма? Өзіне сеніп тапсырылған міндетті еңсере алып жүр ме? Ауылда нендей ұмтылыс-өзгерістер бар?» деген сауалдарға жауап іздеп, Әулиекөл ауданындағы Сұлукөл ауылдық округіне барған едік. Жан жадырап, көз тойып, көңіл тоғаятын бірсыпыра жайтқа қанығып қайттық.

Ахмет Байтұрсынұлы • 07 Маусым, 2022

«Ахаң жүріп өткен жолмен» экспедициясы

Ахмет Бай­­тұр­сын­­ұлы­­ның 150 жыл­­ды­ғы­на орай, Қос­­­та­най­дан «Ахаң жүріп өт­кен жолмен» атты арнайы ғылыми-танымдық экспедиция жолға шықты. Сапардың мақсаты – ұлт ұстазының өмі­рі мен қыз­метіне қа­тысты тың дерек­тер­ді іздес­тіріп, жинақтау.

Аймақтар • 07 Маусым, 2022

Жаңа жүйеге көшу баяу жүріп жатыр

Алдағы 1 шілдеден бастап бұрынғы пәтер иелерінің кооперативтері түгелдей жойылып, көпқабатты тұрғын үйдің бәрі мүлік иелері бірлестігі (МИБ) және жай серіктестік деп аталатын басқарудың жаңа жүйесіне өтуі керек. Алайда тұрғындар үйді басқарудың оңтайлы жүйесіне көшуге асығар емес. Қалалық тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары тұрғындардың жаңа жүйеге көшуі өте баяу жүріп жатқанын жеткізді.

Референдум-2022 • 06 Маусым, 2022

Референдумда робот күтіп алды

Қостанайдағы №52 референдум учаскесінде дауыс беруге келген тұрғындарды сөй­лейтін робот күтіп алды. Атал­мыш учаске «Озат» деп аталатын дарынды балаларға ар­налған маман­дандырылған мектеп-лицей-ин­тер­­наттың ғимаратында орна­ласқан.

Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Қостанай облысы тұрғындарының 60 пайыздан астамы дауыс берді

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 14:00-ге дейін Қостанай облысы тұрғындарының 62,47%-ы дауыс берген. Бірқатар сайлау учаскелерінде халықтың белсенділігі ерекше жоғары екені байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Қостанай облысында 735 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Бүгін Қостанай облысындағы сайлау учаскелерінің бәрі таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмысқа кірісіп кетті. Аймақта облыстық, қалалық және  аудандық референдум комиссияларына қарайтын 735  сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Бұл комиссиялардың құрамында 4,5 мың адам бар. Облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Әсия Дуанбаеваның айтуынша, бүгін облыстың шамамен 550 мыңнан астам тұрғыны өз таңдауын жасауы керек, деп хабарлайды Egemen.kz