Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1540 материал табылды

Аймақтар • 16 Наурыз, 2022

Әуежайға Ахаңның есімі беріледі

Облыстық мәслихаттың кезек­тен тыс шақырылған же­тінші сессиясында Қос­­танай халықаралық әуе­жайына Ахмет Бай­тұр­сынұлының есімін беру туралы ұсыныс мақұл­данды.

Қоғам • 15 Наурыз, 2022

Жаңа бассейн пайдалануға берілді

Өңір спортшылары бұған дейін №1 спорт мектебіндегі 25 метрлік бассейнде жаттығып келген. Ал жаңа пайдалануға берілген заманауи кешенде ұзындығы 50 метр, тереңдігі 2-3 метр болатын 10 жолақ бар. Мамандар халықаралық талаптарға сай келетін ұзын бассейн жаттығушылардың деңгейін көтеріп, жас спортшыларды жоғарғы жетістіктерге жетелейді деп отыр.

Аймақтар • 15 Наурыз, 2022

Қазақ тілі техника тілі бола алады

Әдебиет пен тарихқа қатысты әңгіме қозғала қалса, есте жоқ ескіден тартып көз көрмеген келешекке дейін көсіле шабатын қызыл тіл өзіміз күнде тұтынып жүрген қарапайым техника құралдарының ұсақ бөлшектеріне келгенде тасырқап қалатыны белгілі. Астымыздағы көлікке қосалқы бөлшек керек бола қалса, өзге тілге жүгініп, тіл шұбарлауға мәжбүрміз. Көптен бері шешімін таппай келе жатқан бұл мәселе машина жасау саласы қарқынды дамыған Қостанайдағы «СарыарқаАвтопром» кәсіпорнында өткен дөңгелек үстел отырысында талқыланды.

Ахмет Байтұрсынұлы • 14 Наурыз, 2022

Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі беріледі

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс шақырылған жетінші сессиясында Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы ұсыныс мақұлданды.

Аймақтар • 14 Наурыз, 2022

Қар құрсауындағы жолаушылар құтқарылды

Күн ұзарғанымен, Қостанай өңірінде әлі қалың қар сіресіп жатыр. Бұл жақтың ерте көктемінде елжіреп тұрып, есеңгіретіп кететін мінез бар. Мысалы, кеше ғана, 12 нау­рызда табиғат тағы тосын мінез көрсетіп, аймақты ақ түтек боранға орады. Облыстық төтенше жағдай қызметінің мәліметіне қарағанда, облыстың Қамысты, Сарыкөл, Науырзым, Жангелдин аудандары мен Арқалық, Жітіқара қалаларының маңайында құтқарушылар жолда қалған 100-ден аса жолаушыны қар құрсауынан шығарып алған.

Аймақтар • 13 Наурыз, 2022

Алқаптағы жұмыс қызатын күн алыс емес

Қостанай облысы әкімдігінде алдағы егіс науқанына дайындық барысы пысықталды. Биылғы көктемде өңір диқандары 5 млн 173 мың гектар алқапқа тұқым себуді жоспарлап отыр. Жиында ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберіндегі саланы қаржылық қолдаудың барлық бағыты сақталғаны айтылды.

Аймақтар • 13 Наурыз, 2022

Ректор – күдікті, ұстаздар – үмітті

Таяуда Тобыл өңірінде өткен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шаралардың басы-қасынан ұлт ұстазының атын иеленіп отырған Қостанай университетінің басшысын көре алмадық. Алма Досжанова мерейтой күні өзі басқарып отырған білім ордасында өткен дөңгелек үстел отырысында да бой көрсетпеді. Артынша, университет басшысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің күдігіне ілігіп, істі болғаны туралы жайсыз хабар тарады.

Аймақтар • 10 Наурыз, 2022

Ескерткіштерді қорғау акциясы

Қостанайда тарихи және мәдени ескерткіштердің күтімі мен қазіргі жағдайын тексеріп, көне жәдігерлерді қорғау шараларын күшейту мақсатындағы жұмыстар жүріп жатыр. Қазір тарихи-мәдени мұраларды зерттеу, қайта жаңғырту және қорғау орталығының мамандары көпшілікке тарихи ғимараттар мен монументтерді пайдалану және күтіп-сақтау ережелерін түсіндіруде. Аталған шара наурыздың соңына дейін жалғасады.

Қоғам • 08 Наурыз, 2022

Әдия салған суреттер

Тобыл қаласындағы Нұржан Наушабаев мектеп-гимназия­сының 5-сынып оқушысы Әдия Еркін Мәскеу қаласында көркемсуреттен өткен бүкілресейлік жас таланттар бай­қауының жеңімпазы атанды. Оншақты аталым бойынша онлайн режімде ұйымдастырылған өнер байқауының басты мақсаты – балалар шығармашылығын ынталандыру.

Аймақтар • 08 Наурыз, 2022

Тау қозғалтқан арулар

Көшеде жеңіл көлікпен арлы-берлі жүйткітіп өте шығатын қыз-келіншектерге көз үйренгелі қашан. Ал енді қою шаңның арасында қазба жұмысы қызып жататын ірі кен табандарында тоқсан тонналық таудай техниканы тізгіндеп, руда тасып жүрген аруларды көрген жан бар ма екен? Кеніште, сонау еңісте жүрген соң олар сырт көзге байқала бермейді.