Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1547 материал табылды

Аймақтар • 27 Наурыз, 2024

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

Арқалық қаласының маңайындағы Әбдіғаппар хан, Екідің елді мекендерінің эвакуациялауға келісім берген тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, азық-түлік, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. 

Аймақтар • 27 Наурыз, 2024

Қызыл су дес бермей тұр

Қостанай облысының оңтүстігіндегі тұрғындарды еріген қар суы әбігерге салып жатыр. Әсіресе, Арқалықтың маңайындағы елді мекендер қиын жағдайда отыр. Күн райының күрт жылынуының салдарынан Арқалық қаласына қарасты бірнеше ауылды және Аманкелді кентін қызыл су басып қалған. Жангелдин ауданындағы жолды су шайып кетті. Апат аймағында жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Аймақтар • 27 Наурыз, 2024

Нақышы ерек жаңа жыл

Ұлыстың ұлы күнін Қостанай қаласының тұрғындары да ерекше қуанышпен той-думандатып қарсы алды. Қаланың орталығында отызға тарта отау тігіліп, мерекелік концерт, ұлттық спорт сайыстары, қолөнер туындылары мен ұлттық тағамдар фестивалі өтті.

Еңбек • 22 Наурыз, 2024

Атакәсібіне адал азамат

Осыдан біраз жыл бұрын Қостанайдағы жайлы қызмет, жақсы жалақысын тастап, кіндік қаны тамған Меңдіқара ауданындағы Теңіз ауылына қайта оралған Ербол Қарымсақов бүгінде атакәсіпке біржола бет бұрып, асыл тұқымды мал басын көбейтуге ден қойып отыр.

Байқау • 17 Наурыз, 2024

Асыл әжем, ақ әжем...

Рудныйда Наурызнаманың мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Дәстүрімнің балқаймағы – әжелер» байқауы өтті. Сайысқа қатысушылар қазақтың көнеден келе жатқан ұлттық салт-жоралғыларын көрсетіп, олардың мән-мағынасын ашып әңгімелеп берді.

Қоғам • 14 Наурыз, 2024

Қайырымы мол «Қарқын»

Меңдіқара ауданындағы Қарқын ауылы нау­рыздың басын игі іс-шаралармен бастады. Бұл күнді көк­темгі еңбек маусымының хабаршысы, берекенің бас­тауы деп білетін «Қарқын» агрофирмасы ауыл тұрғындары бас қосқан Көрісу күнін кең ауқымда атап өтті.

Аймақтар • 14 Наурыз, 2024

Көрісудің тағылымды айшықтары

Қостанайдағы Жастар сарайында Көрісу күніне арналған театрландырылған мерекелік іс-шара өтті. Мұнда жиналған жұрт нәрестенің іңгәлап өмірге келуінен бастап, ер жетіп азамат болғанға дейінгі, бой жетіп ұзатылғанға дейінгі кезеңде жасалатын дәстүрлі салт-рәсімдерден көріністер тамашалады.

Театр • 14 Наурыз, 2024

Сахнаның сәні

Бүгінде өңір мәдениетін өрге сүйреп келе жатқан үркердей таланттар шоғырының ішіндегі жұртшылыққа есімі етене таныс, жас та болса, ел сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерген дара өнерпаздың бірі – І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының актрисасы Диана Тұрсынова. Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясында оқи жүріп, белгілі театр қайраткері Есмұхан Обаев сынды майталман маманның тәлімін көрген талантты қыз 2013 жылдан бері Тобыл төріндегі қара шаңырақта еңбек етіп келеді.

Қылмыс • 11 Наурыз, 2024

Құрдымға кеткен субсидия

Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облыстық департаменті аса қомақты көлемде мемлекет қаржысын жымқырған ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. 50 шақты адамнан құралған қылмыстық топқа «Beef Export Group» ет өңдеу кәсіпорнының басшысы жетекшілік еткен.

Аймақтар • 10 Наурыз, 2024

Көлқамыс қалай көркейді?

Тәуелсіздікпен бірге іргесі қаланып, содан бері талай сындарлы кезеңнен сүрінбей өткен «Сыма» шаруа қожалығы бүгінде Торғай өңіріндегі Көлқамыс ауылының ажарын кіргізіп, ырыс-берекесін еселеп отыр. Шалғай түкпірдегі иен далаға иелік етіп, төскейді төрт түлікке толтырған шағын ғана шаруашылық енді татыр далаға дән егіп, біртіндеп суармалы егістікті қолға алудың қамына кірісіп жатыр.