Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
998 материал табылды

Әдебиет • 20 Ақпан, 2024

Келмес күздің елесі

Күні кешегі сәттер санамыздан сағымданып кеткенімен, сонау келмеске кеткен бал балалық шақтағы естеліктер әлі есімізде. Сол кездердің ыстық-суығын сағынамыз, кей-кейде қара табан бала күнге қиял қанатында саяхаттап кетеміз. Тізгінсіз сағат тықылы алып-ұшып бара жатқанымен, ауылдағы алаңсыз да аяулы күндер шіркін бізден алыстамайды. Қалихан Ысқақ та 1959 жылы жазған «Қоңыр күз еді» повесінде соғыстан кейінгі интернаттағы жылдарын жып-жылы естеліктерімен еске алған. Көркем шығармада Алтайдың әсем табиғаты да, ауыл адамдарының психологиясы да, мөлдір махаббат пен мұңға толы жасөспірімдердің тағдыры да суреттелген.

Аймақтар • 18 Ақпан, 2024

Жол-патруль полицейлерінің тынымсыз күндері

Неше күннен бері жарғақ құлағы жастыққа тимей ақ қар, көк мұзда күре жолдардың бойында қызмет етіп жүрген патрульдік полиция қызметкерлерінің жұмысы оңай емес. Қауіппен қатар жүріп, қар құрсауында қалғандарға алғашқы көмек қолын созатындар да – солар.

Аймақтар • 15 Ақпан, 2024

ШҚО-да браконьер қақпанмен сегіз бұлғын ұстаған

Полиция қызметкерлері заң бұзушыны «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 15 Ақпан, 2024

Қысқы санақ жүргізіліп жатыр

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде аң-құстарды қысқы есепке алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тау-тасты кезіп, санақ жұмысын жүргізу үшін 248 мемлекеттік инспектор, сондай-ақ жануарлар әлемін қорғау және өндіру бөлімінің 5 маманы жұмылдырылды.

Аймақтар • 14 Ақпан, 2024

Қарғын су қаупі

Қыстың соңғы айы Шығыстағы жұртты әбден әбігерге салды. Марқакөл өңіріне жарты метр қар жауса, Үлкен Нарын мен Зайсан аудандарында қарғын су қауіп төндірді. Күре жолдарға көшкін түсіп, көлік қозғалыстарына шектеу қойылды. Артынша аяз көтерілді.

Медицина • 13 Ақпан, 2024

Гидроцефалия диагнозы үкім емес

Мұндай операция бұрын Өске­менді қойып, ірі қалаларда жасала бермейтін. Қазір Ана мен бала орталығының нейрохирург дәрігерлері гидроцефалияға шалдыққан балалардың миына шунт орнату секілді зергерлік шеберлікті қажет ететін операцияларын оп-оңай жасап жүр. Демек, технологияның дамы­ғаны ғана емес, ақ халатты­л­ар­дың біліктіліктері де шыңдалды.

Дәстүр • 13 Ақпан, 2024

Бозанбайдағы бүркітшілер мерейі

Қабақтың үстінен ұшқан қыран қалықтап келіп, қашқан қоянды тегеурінімен ілсе, қаршыға мен ителгі ұшқан оқтай көктегі көгершіндерді теуіп түсіріп жатты. Мұндай сәтте ХVІІ республикалық бүркітшілер біріншілігіне жиналған жұрт қиқу қосып, «әп, бәрекелді» дескен-ді.

Көрме • 11 Ақпан, 2024

Бейнелеудің бірегейлері

Өскемендегі Өнер музейінде «Уа­қыт палитрасы» атты көр­ме ашыл­ды. Көрермен наза­рына ХХ ғасырдың екінші жар­тысы мен ХХІ ғасырдың ба­сын­дағы Қазақстан сурет­ші­ле­рінің түпнұсқа туындылары ұсынылған.

Аймақтар • 08 Ақпан, 2024

Қарғын суға сақадай-сай

Шығыстың кейбір аудандарында қар қалың. Күн күрт жылынса, қарғын су қаупі 71 елді мекенге төнгелі тұр. Сондықтан мамандар көктем мезгіліне дайындықты бүгіннен бастап кетті.

Оқиға • 06 Ақпан, 2024

Шыңғыстайдағы неміс қызы

Бұл махаббат хикаясы Шыңғыстай ауылында өрбіген. Жазушы ауылдың соғыстан кейінгі етек-жеңін енді-енді жия бастаған мамыражай кезеңін суреттей отырып, романтикалық дүние туғызған. Үлкендерден сұрасақ, болған оқиға деседі. Иә, Оралхан Бөкей шығармашылығына арқау еткен тақырыптың дені – өз ауылы, ауыл адамдары... Біз айтайық деп отырғанымыз, «Мынау аппақ дүние» дей-тұғын мөлдіреп тұрған повесі. Шығармадағы басты кейіпкер Нұрлан Әкімбаев әлі күнге Шыңғыстай ауылында тұрады.