Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
984 материал табылды

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2024

Қазандықтың қуаты

Былтыр қыс ортасы Рид­дердегі жылу-электр қазандығы қай­та-қай­та істен шы­ғып, тұр­ғындардан маза қаш­қан. Ғимарат­тар­дың суып кетуіне бай­ланысты мектептер мен балабақша жұ­мысы онлайн режімге көшіріліп, қалада тө­тен­ше жағдай жария­ланғанын да білеміз. Әйтеуір, ала жаздай жүр­гізілген жөндеу жұ­мысы нәтижелі бол­ған секілді.

Аймақтар • 15 Қаңтар, 2024

Шығыста бірнеше ауыл қар құрсауында қалды

Толассыз жауған қардың салдарынан Марқакөл ауданындағы бірқатар ауыл тұрғындары аттап баса алмай қалған.

Аймақтар • 14 Қаңтар, 2024

Ақ боран, көктайғақ...

Қаңтар туа Шығыста қыс қаһарына мінді. Қар басты, борандатты, артынша кейбір өңірлерде жаңбыр жауып, жолдар көктайғаққа айналды. Салдарынан болса керек, жол көлік оқиғалары орын алды. Адам шығыны да жоқ емес. Сондықтан да, төтенше жағдайлар департаменті алдын ала ескерту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыр.

Қоғам • 12 Қаңтар, 2024

​Қолбасшылығының жауынгерлік әзірлігімен танысты​ ​ ​

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Ұлттық ұланның «Шығыс»​ ​ өңірлік ​қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің ​ ​ жауынгерлік ​ дайындығымен​ және техникалық жабдықталуымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2024

Төр Алтайдағы қуаныш

Жиырма жеті жылдан кейін аудан орталығы қара шаңырағына, Катонқарағайға қайтып, тұрғындар алақайлап той жасады. Қуанышқа ортақтасып, ақ боран, көктайғақта алыс-жақыннан шекара шебіндегі ауданға қонақтар келді. Орталық алаңға жиналған жұрт арқа-жарқа, мәре-сәре.

Мектеп • 04 Қаңтар, 2024

Тірек мектептің тірлігі

Мұндай мектеп ауылды қойып, қалалық жерде жоқ шығар. Іші кірсе шыққысыз. Оқушының білім алып, мұғалімнің сабақ беруі үшін заманауи мүмкіндіктің барлығы қарастырылған. Мақалаға арқау етейік деп отырғанымыз – Жұбандық Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі. Жалпы жаңа ауданның білім саласында серпіліс бар.

Мәселе • 03 Қаңтар, 2024

Сапасыздық салдары

Оқу жылы басталғалы Миролюбовка аулындағы Әлия Молдағұлова атындағы орта мектепте денешынықтыру пәні өткен жоқ. Себебі спорт залға ағымдық жөндеу жүргізген мердігер компанияның жұмысы сапасыз болғандықтан, мектеп басшылығы қабылдамай отыр. Сапасыз жөндеу салдарынан көздері жәудіреген оқушылардың шырша мерекесі де ойдағыдай ұйымдастырылмады.

Аймақтар • 03 Қаңтар, 2024

Риддерде 600 орындық қазақ мектебі бой көтереді

Риддерде жылдар бойы мәселесі шешілмей келе жатқан қазақ мектебі салынатын болды. Жаңа жыл қарсаңындағы бұл жаңа­лықты кеншілер қаласының тұрғын­дары зор қуанышпен қабыл­дады. Шығыс Қазақстан облысы мен Риддер қаласының әкімдіктері және «Казцинк» компаниясы арасында 600 орындық мектеп салу жөнінде үш жақты меморандумға қол қойылды.

Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2023

Су қоймасындағы техникалық көпір

Сонау 50-жылдары Бұқтырма су электр стансасы салынып, Күршім мен Марқакөл жұрты аралда қалып қойғандай күйге түскен-ді. Жаз шықса, пароммен қатынап, қыс түссе, мұзбен жүрген тұрғындардың мәселесін Президент «Egemen Qazaqstan» газетінен оқып, Үкіметке тапсырма берген-тұғын.

Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2023

Жаңа жылда жаңа аудандар құрылады

Шығыс Қазақстан облы­сын­­да қос ауданның хал­қы ма­лақайларын аспанға атып, қуанып жатыр. Жаңа жыл қарсаңында Мемлекет бас­­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Респуб­ли­­ка­­сының әкімшілік-аум­ақ­­­тық құрылысының кей­бір мә­селелері туралы» Жар­лыққа қол қойды.