Жолдыбай БАЗАР
Жолдыбай БАЗАР«Egemen Qazaqstan»
609 материал табылды

Руханият • 13 Маусым, 2022

Заман – түлкі, мен – шарасыз

Оқырманға не тыңдарман-көрерменге ерекше әсер ететін образ жасаудың көркемдік амал-тәсілінің, құралының бірі – аллегория. Аллегория бойынша түлкі – қулық-сұмдықтың, арыстан – зорлық-зомбылықтың, қасқыр – қастық-қысастықтың, жауыздықтың, қоян – қорқақтықтың, есек – ақымақтықтың, бүркіт – қырағылық пен қайсарлықтың, аққу – адалдық пен тазалықтың, махаббаттың нышан-кейпінде бейнеленіп жатады. Осы персонаждар арқылы адамдарға тән мінез-құлық, іс-әрекет астарлап, бипаздап әсерлі жеткізіледі. Осы арада, басқасы мейлі, ал ортақ бейнелердің бірі – түлкінің неліктен айлакерліктің, қулықтың жиынтық бейнесі ретінде таңдалғанын түсіне бермейтінмін. Сөйтсем, оның мәнісін мына жайт жақсылап тұрып түсіндіріп берді. Ол қандай оқиға еді?

Қоғам • 25 Мамыр, 2022

Дамудың кілті

Азаматтық қоғамның өркендеуі, ықпал­ды болуы – елімізді уақыт талабы­на сай ілге­рі жылжытуда негізгі алғы­шарттардың бірі.

Қоғам • 19 Мамыр, 2022

Ерді сыйлар ел қайда?

Рухы биік елді ешкім жасыта да, жасқанта да алмайды. Сол үшін қазақтың рухын көтеру қажет. Осы орайда халқымыздың жылы жүрегінен орын алған тұлғаларды насихаттау, даңқын асыру аса маңызды.

Қоғам • 17 Мамыр, 2022

Біз қаншалықты өзгердік?

Тіршілік түйткілдеріне қатысты өткен шақтағы түрлі көріністер де естен кетпес естелік ретінде жадыңда сақталып қалады. Солардың кейбіреулерін қазіргі өміріңде кездесіп қалатын жағдаяттар санада қайта жаңғыртатыны бар. Екеуінің ішкі өзегінде, мазмұнында ұқсастық болғандықтан солай болатын шығар.

Қазақстан • 12 Мамыр, 2022

Бетпақтағы айқас

Қазақы төбеттің қадір-қасиетін бүгінгілердің қаншалықты білетіні белгісіз. Ал тіршілігі дала төсінде өрілген, тұрмысы табиғатпен біте қайнасқан кешегілер қазақы иттің қадірін біліп, жоғары бағалаған. Өйткені қазақы төбет тұқымының жолға шыққанға сенімді серік, үйінде, өрісте мал-палын түз тағысынан тайсалмай қорғаушы. Сондықтан оны қалай бағаламасын?

Руханият • 11 Мамыр, 2022

Тағзым етудің қазақы жолы

Ерлік ұмытылмауы әрі құрметтелуі тиіс. Өткен шағымыз, тарихымыз, ата-бабаларымыздың өмір жолы ерлік істерге толы. Біз олармен мақтанып және үлгі тұтуды азаматтық парыз, биік міндет санаймыз. Дегенмен осынау игі амалдың, ізеттілік иірімдерінің өзіндік жөн-жосығы, ұлтымызға тән қағидалары мен уақыт талабына сай әдептен оздырмайтын жолы бар. Міне, дәл осы ұлтымыз құптайтын ұлы жолды ұстануда кежегеміз кері тартып, қоғамдық көңіл күйге теріс әсерін тигізіп жататын кейбір көріністерге ерік беріп қойып жүргеніміз өкінішті. Мұндай жағдайлар қоғамдық келісімге сына қаға­тынын түсінуіміз керек-ақ.

Қазақстан • 06 Мамыр, 2022

Хал қалай, Қазақ әлемі?

Құдай тағала жаратқан 18 мың ға­лам­­­ның бір бөлшегі – Қазақ әлемі. Осы­нау Қазақ әлемі жарқырап тұрған жоқ, жұ­пы­ны да емес, бірақ «әттеген-ай­ла­ры­мыз» көп.

Таным • 29 Сәуір, 2022

Сөз бен істің арасы

Интернатта жатамыз. Күзгі он күндік каникулға шық­тық. Енді қойшы ауыл­ға тарту керек. Мәселе оңай шешілді. Ыл­дидан отын алып келуге тіркемесінде 5-6 адам бар бір трактор жүргелі тұр екен. Дәл біздің үйдің қасынан өтеді. Жол болды деген осы.

Әдебиет • 22 Сәуір, 2022

Қасірет жыры

Қазақ прозасында шоқтығы биік туынды – «Қараой». Көрнекті жазушы Тәкен Әлімқұловтың аты аталып, есімі еске түскенде басқа көптеген шығармасынан ерекшеленіп, бірден осы «Қараой» санамда жаңғырып шыға келеді. Содан келіп оны қайталап оқуға ынтығасың, асығасың. Әдеби шығарманың бір құдіреті өзіне ынтықтырып, баурай білуінде. «Қараой» да солай, өзіне тартады да тұрады. Оның сыры неде екен, а? Әңгімеде ерлігімен, өр тұлғасымен, рухты жырларымен, бөлек болмысымен дараланған Махамбеттің соңғы күні көркем шындықпен суреттелгеніне дау жоқ.

Таным • 22 Сәуір, 2022

Жұмсақ жаза

Шамамен 1993 жылдың ақпанының орта тұсы. Сегіз адам – қарауыл бастығы – аға лейтенант, ауысымдарды жүзеге асырушы сержант және араларында мен бар алты сақшы болып «Ангарды» қарауылдауға аттандық.