Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Спорт • 08 Маусым, 2023

«Qazaqstan barysy Grand Slam»: Бұл қандай жарыс?

Биылдан бастап дәл осындай атаумен Астана және Алматы қалаларында әлемнің ең таңдаулы дзюдо балуандарының басын қосатын «Grand Slam» турнирі өткізіле бастайды. Дзюдо әлеміндегі ең беделді жарыстардың бірі санатына енетін бұл дода – 16-18 маусым күндері елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылады. Жыл басында ғана Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енген айтулы турнирде келесі жылы Францияның бас шаһары – Парижде алауы тұтанатын Олимпия ойындарына рейтингтік ұпай берілетінін айта кеткен жөн.

Спорт • 06 Маусым, 2023

Универсиада жалауын көтерді

Бұл күндері Ақтау қаласында Ғылым және жоғары білім министрлігі және Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттері арасында XII жазғы универсиада ойындары басталды. Студент спортшылардың байрақты бәсекесі 24 маусымға дейін жалғасады. Олар спорттың 17 түрінен сынға түсіп жатыр. Кеше жарыстың ресми ашылу салтанаты өтті.

Ұлттық спорт • 06 Маусым, 2023

Ат дүбіріне бөленген күн

Мемлекеттік рәміздер кү­ніне орай елорда маңын­да­ғы «Қазанат» атшаба­рын­да республикалық дең­гейде аламан бәйге жарысы ұйым­дастырылды.

Футбол • 05 Маусым, 2023

Үздіктер ұпайдан шашау шығарған жоқ

Футболдан Еуропа мемлекеттерінің ішкі біріншіліктері аяқталған тұста Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) ойындары бел ортасына таяды. Өткен сенбі-жексенбі күндері командалар ел чемпионатының 12-тур ойындарын өткізді. Турнир кестесінің көш басында келе жатқан «Астана», «Ордабасы», «Ақтөбе» сынды клубтар бұл турда да маңызды үш ұпайларына қол жеткізсе, «Қызылжар» қатарынан үшінші ойында жеңіліп, турнир кестесінде төртінші орынға түсіп қалды.

Спорт • 05 Маусым, 2023

Академиялық ескек есу: Олимпиада жолдамасы қалай бөлінеді?

Бұған дейін уәде еткеніміздей, ал­дағы Париж Олимпиадасының бағдарламасына енген спорт түр­лерінің жолдамасы қалай және қан­дай жарыстарда берілетіні туралы мақалаларымыздың легін бастаймыз. Алғашқы материалымыз академиялық ескек есу туралы болмақ. Спорттың бұл түрінен Париждегі Олимпия ойындарының сайыстары жаңадан бой көтеріп жатқан Вер-сюр-Марне спорт кешенінде өтеді.

Теннис • 02 Маусым, 2023

Үшінші айналымға жолдама алды

Әйелдер арасындағы еліміздің бірінші және екінші ракеткалары – Елена Ры­бакина мен Юлия Путинцева Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты.

Спорт • 01 Маусым, 2023

Жазғы Паралимпия ойындары мәресіне жетті

Алматы, Астана және Ақ­төбе қалаларында ұй­ым­­дастырылған ті­рек қи­мыл аппараты және кө­ру қабілеті за­қым­дан­ған спортшылар ара­сында алтыншы жаз­ғы Паралимпия ойын­дары­ның алауы сөнді. Жа­рыс­қа еліміздің 20 өңі­рінен 1000-нан астам спортшы қатысып, спор­ттың 10 тү­рінен жүлделерді сарап­қа салды.

Бокс • 01 Маусым, 2023

Жеңімпаздарға – 100 мың доллар

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қаржылай сыйақымен марапаттады.

Футбол • 01 Маусым, 2023

Жеті дүркін жеңімпаз

Буда­пештте УЕФА Еуропа лигасының фи­нал­дық матчы өтті. Бас жүлде үшін өткен бә­секеде Испанияның «Се­вильясы» мен Италияның «Рома­сы» кездесті.

Шахмат • 01 Маусым, 2023

Кэрнс кубогіне қатысады

Ертең АҚШ-тың Нью-Йорк қала­сында шахматтан әйелдер арасында Кэрнс кубогінің алауы жағы­лады. Осы­мен үшінші мәрте ұйымдас­ты­рылып жатқан жарысқа әлемнің ең таң­даулы деген 10 спортшысы қаты­сады.