Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Әскер • 03 Мамыр, 2023

Әскердегі балуан қыз

Кез келген жекпе-жек спорт тү­рінің ережесін алып қарайтын болсаңыз, бәрінің де негізгі мақ­саты – сайыс алаңында қорғана жүріп қарсыласын жеңу. Қазіргі таңда жекпе-жек – барлық елде бар спорт түрі. Мәселен, қазақта – күрес, жапондарда – дзюдо, джиу-джитсу, корейлерде – таэквондо, серум, әзербайжанда – полеш, айта берсең ұзын-сонар болып кете беретін бұл спорт түр­лері жер-жаһанға өзіндік философиясымен және этикасымен кеңінен танылды.

Спорт • 03 Мамыр, 2023

Олимпиада елінен 8 медаль

Грекияның бас шаһары – Афинада өткен тректегі велоспорттан халық­аралық жарыста Қазақстан құрамасы 8 жүлдеге ие болды. Оның бесеуі алтын, екеуі күміс, біреуі қола. Додада ел намысын 5 спортшы қор­ғады.

Теннис • 03 Мамыр, 2023

Түркиядағы турнирдің финалистері

Болашағынан көп үміт күттіретін еліміздің жас теннисшілері – Асыл­жан Арыстанбекова мен Дана Бай­­дәулет Түркияның Анталия қала­сында ұйымдастырылған ересектер ара­сындағы «ITF World Tennis Tour W15» жа­рысының финалистері атанды.

Футбол • 03 Мамыр, 2023

Ұлттар лигасының жеребесі тартылды

Швейцарияның Ньон қаласында футболдан әйелдер арасындағы 2023/24 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы тур­нирінің топтық кезеңге арналған жеребесі тартылды.

Шахмат • 03 Мамыр, 2023

Дин дегеніне жетті. Қытайлық шахматшы әлемнің 17-чемпионы атанды

Спорт әлемінде тосын нәтижелер, ешкім күтпеген жеңістер жиі болмаса да, ара-тұра тіркеліп тұратынын жанкүйерлер жақсы біледі. Мәселен, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасындағы марқұм Бекзат Саттархановтың алтыны, 2019 жылғы бокстан әлем чемпионатында ешқандай атақ-даңқы жоқ Бекзат Нұрдәулетовтің бес дүркін әлем чемпионы кубалық Хулио Сесар ла Крусты нокдаунмен жеңуі, бірер ай бұрынғы футболдан Қазақстан құрамасының әлемнің азулы құрамасы Данияны қапы қалдыруы, сол Данияның өзі 1992 жылғы Еуропа чемпионатына ойда-жоқта қосылып, Кәрі құрлық додасының жеңімпазы атануы сияқты түрлі мысалдар жетіп артылады.

Шахмат • 02 Мамыр, 2023

Аркадий ДВОРКОВИЧ: Қазақстанға тағы бір үлкен жобамен келеміз

Астанадағы классикалық шахматтан әлем чемпионатының аясында Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович бас қалада орналасқан Шахматшылар саябағына ағаш отырғызып, жаһандық доданың қорытындысы туралы өз ойын ортаға салды.

Бокс • 02 Мамыр, 2023

Чемпионатты жеңіспен бастады

Ташкентте бокстан кезекті әлем чемпио­натының шымылдығы түрілді. Жер-жаһанның ең таңдаулы былғары қол­ғап шеберлері бас қосқан әлемдік доданың алғашқы күнінде Қазақ­стан құрамасының екі боксшысы шаршы алаңға көтеріліп, екеуі де жан­күйерлерді жеңісімен қуантты.

Футбол • 02 Мамыр, 2023

Ширек финалға шыққандар белгілі

Өткен демалыс күндері футболдан ел кубогінің 1/8 финал матч­тары өтіп, жарыстың ширек финалына жолдама алған 8 команда белгілі болды.

Спорт • 02 Мамыр, 2023

Италияға аттанады

6-28 мамыр аралығында Италия тасжолдарында велоспорттан жылдың ең ірі үш жарысының алғашқысы – «Джиро д’Италия» гранд-турының жалауы желбірейді.

Теннис • 02 Мамыр, 2023

Іріктеуді жеңіспен бастады

Бұл күндері Шымкентте теннистен 16 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия және Тынық мұхиты аймағы бойынша әлем чемпионатының іріктеу турнирі өтіп жатыр.