Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Шахмат • 11 Сәуір, 2023

Бірінші партия тең аяқталды

Астанада жалауы желбіреген шахматтан 17-ші әлем чемпионатының алғашқы жарыс күні өз мәресіне жетті. Былтырғы үміткерлер турнирінің жеңімпазы Ян Непомнящий мен Мадридтегі доданың екінші орын иегері Дин Лижэнь арасында әлем чемпионы атағы үшін өтіп жатқан бәсекенің алғашқы партиясы бес сағатқа жалғасып, 49 жүрістен кейін тең аяқталды.

Шахмат • 10 Сәуір, 2023

Әлем чемпионы Астанада анықталады

Ерке есілдің жағасында орналасқан елордамызда шахматтан әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Астанадағы ойлылар ойынының алтын тәжі үшін өтіп жатқан бәсекеде ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэн шеберлік байқасып жатыр.

Шахмат • 06 Сәуір, 2023

Биіктен көріне бер, Бибісара!

Кейінгі жылдары еліміздің шахматшы қыздары халықаралық турнирлерде жүлделі орындардан жиі көрініп, еліміздің жанкүйерлерін жарқын жеңістерімен қуантып жүр. Соның бір айғағы – блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Бибісара Асаубаева күні кеше Үндістанның бас шаһары – Нью-Делиде ұйымдастырылған шахматтан әйелдер арасындағы Гран-при жарысында екінші орынға ие болды.

Спорт • 06 Сәуір, 2023

Кавендиштің екінші жүлдесі

Жыл басында «Астана» вело­коман­дасының жейдесін киген Ұлы­бри­танияның әйгілі велошабандозы, көп­теген ірі халықаралық жарыстың же­ңімпазы Марк Кавендиш жаңа клуб­тағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

Кәсіпқой бокс • 06 Сәуір, 2023

АҚШ-та жұдырықтасады

Кәсіпқой бокс шаршы алаңында жұдырықтасып жүрген жерлестеріміз – Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) мен Бек Нұрмағанбет (8-0, 6 КО) кезекті жекпе-жектерін АҚШ-та өткізеді.

Теннис • 06 Сәуір, 2023

Ширек финалға жолдама алды

Теннистен АҚШ-тың Хьюстон қа­ла­сында өтіп жатқан «ATP 250» тур­ни­рінің жұптық бәсекесінде өнер көрсетіп жатқан Андрей Голубев пен Александр Недовесов жарыстың ширек финалына шықты.

Сұхбат • 06 Сәуір, 2023

Ярослава ШВЕДОВА: Жанкүйерлер қолдауын сезіну – зор бақыт

Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы 14-15 сәуір күндері елордада Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңі аясында Польша теннисшілерімен шеберлік байқасады. Матч Астанадағы «Beeline Arena» ұлттық теннис орталығының кортында өтеді. Осы кездесудің алдында Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведовадан теннисшілердің жауапты кездесуге дайындығын, жерлестеріміздің биылғы маусымдағы мақсат-міндеті қандай екенін сұрап білген едік.

Шахмат • 05 Сәуір, 2023

Әлем тәжі Астанада табысталады

Ертең жер-жаһандағы шахмат жанкүйерлерінің назары Қазақстан астанасына ауады. Өйткені 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында елордада шахматтан әлем чем­пио­на­тының алтын тәжі сарапқа салынады. Биылғы бәсекеде 32 жастағы ресейлік Ян Непомнящий мен 30 жастағы қытайлық Дин Лижэнь шеберлік байқасады.

Футбол • 05 Сәуір, 2023

Жас футболшылардың «Арманы»

Таразда 2005 жылы туған жас футболшылар арасында «Арман» респуб­ликалық балалар мен жасөспірімдер турнирі аяқталды.

Шахмат • 05 Сәуір, 2023

Бибісара бас жүлдеден үмітті

Үндістанның бас шаһары – Нью-Делиде өтіп жатқан шахматтан Гран-при жарысының үшінші кезеңі өз мәресіне таяп келеді. Соңғы тур алдында үш шахматшы көш бастап тұр.