Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Спорт • 21 Ақпан, 2023

Спортта серпіліс жасағандар

2022 жылы қазақ спорты тарихында айтулы жеңістер аз болған жоқ. Мәселен, Барыс жылында мұхиттың арғы бетінде жұдырықтасатын отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтың WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Командалық сайыста футболдан ұлттық құрамамыз Ұлттар лигасында өз тобында көш бастады, жеңіл атлетикадан Нора Джеруто әлем біріншілігіндегі тұңғыш алтынымызды сыйлады. Айта берсек, тізім әлі біразға жалғасады.

Бокс • 21 Ақпан, 2023

Жарысты жеңіспен бастады

Софияда алауы тұтанған халықаралық «Странд­жа кубогі» жарысын жерлестеріміз сәтті бастады.

Хоккей • 21 Ақпан, 2023

Омбыда опық жеді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» тұрақты біріншіліктегі кезекті тур ойынын Омбыда жергілікті «Авангардпен» өткізді.

Теннис • 21 Ақпан, 2023

Жасөспірімдер құрамасы жасақталды

Биылғы халықаралық жарыстарда теннистен ел намысын қорғайтын Қазақ­стан жасөспірімдер құрамы бел­гілі бол­ды.

Қысқы спорт • 20 Ақпан, 2023

Скандинавиялықтар жүрістерінен жаңылған жоқ

Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан кезекті әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. 11 күнге жалғасқан дүниежүзілік додада жер-жаһанның әр қиырынан келген спортшылар 12 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Оның тең жартысына жуығын норвегиялық биатлоншылар жеңіп алды.

Күрес • 20 Ақпан, 2023

Александриядағы балуандар белдесуі

23-26 ақпан аралығында Мысырдың Александрия қаласында грек-рим күресінен 1928 жылғы Олимпия ойындарының чемпионы Ибраһим Мұстафаны еске алуға арналған XXXIV халықаралық турнирдің жалауы желбірейді. Бұл – биылғы Халықаралық күрес федерациясының (UWW) күнтізбесіндегі рейтингтік ұпайлар сарапқа салынатын екінші ірі турнир. Алғашқысы ақпанның басында Хорватияның бас шаһары Загребте өткен болатын. Қазақстан құрамасының балуандары бұл уақытта Алматыдағы спартакиадаға дайындалып жат­қандықтан, Хорватия астанасындағы жарысқа қатысқан жоқ.

Спорт • 20 Ақпан, 2023

Желкенді қайықшылар жеңісі

Олимпиада бағдарламасына енген желкенді қайық спортынан Дохада ұйымдастырылған халықаралық жарыстан жерлестеріміз олжалы оралды.

Спорт • 20 Ақпан, 2023

Бакудегі бас жүлде

Әзербайжанның бас шаһары – Бакуде батуттағы гимнастикадан Әлем кубо­гінің алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті. Дүние жүзінің 16 елінен келген 60 гимнаст шеберлік байқасқан жарыста Қазақстан құрамасының өкілдері бақ сынады.

Бокс • 20 Ақпан, 2023

Боксшылар Софияда жұдырықтасады

Бокстан Қазақстанның ерлер құра­масы Болгарияның бас шаһары – Софияда жалауы желбірейтін дәстүрлі «Странджа» кубогіне қатысады.

Спорт • 19 Ақпан, 2023

Татами үстіндегі тартыс

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек спорт сарайында дзюдодан 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған жас балуандардың тартысты белдесулерін елорда жанкүйерлері қызыға тамашалады. Осы жарыста оза шапқан жеткіншектер ертеңгі күні ұлттық құрама сапына алынып, Олимпия ойындары, әлем және Азия чемпионаттарында ел намысын қорғаудан үмітті.