Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Спорт • 07 Қараша, 2022

Қоржында 14 жүлде бар

Кеше Амманда өтіп жатқан бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шыққан боксшылардың есімі белгілі болды. Жексенбі күнгі бәсекелердің қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасының 14 боксшысы сол межеден көрінді. Сондай-ақ дүйсенбі күні тағы жеті былғары қолғап шеберіміз ширек финал кездесулерін өткізді.

Спорт • 07 Қараша, 2022

«Астана» – қасиетті санның иегері

Тоғыз айға жалғасып, толғағы жеткен футболдан 2022 жылғы Қазақстан чемпионаты «Астананың» жеңісімен аяқталды. Наурыздың алғашқы аптасында басталған доп додасы қарашаның бірінші жексенбісінде тізгін тартты. 26 тур бойы турнир кестесінің алғашқы үштігінен түспеген «Астана» соңғы турда жеңіске жетіп, ел тарихындағы жетінші чемпиондығына қол жеткізді. Ұзақ үзілістен кейін жүлдегерлер қатарынан көрінген «Ақтөбе» екінші орынға жайғасса, былтырғы ел чемпионы – «Тобыл» үшінші орынға табан тіреді.

Спорт • 07 Қараша, 2022

Жүлде бұйырмаған жарыс

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында ұйымдастырылған спорттық гимнастикадан 51-ші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бір аптаға созылған бәсекеде спортшылар әдеттегідей 12 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасының өкілдері биылғы біріншілікте де жүлдесіз қалды.

Бокс • 06 Қараша, 2022

Боксшыларымыз бабында екенін көрсетті

Иорданияның бас шаһары – Амманда өтіп жатқан бокстан ерлер және әйелдер арасындағы Сары құрлық бәсекесі бел ортасына жетті. Жарыстың алғашқы аптасынан кейін үздік боксшылар іріктеліп, ширек финал мен жартылай финалға шыққан былғары қолғап шеберлері белгілі бола бастады. Сол таңдаулы боксшылардың қатарында қазақстандық спортшылар да бар.

Футбол • 04 Қараша, 2022

Үздіктер іріктелген дода

Футболдан биылғы Чемпиондар лига­сының топтық кезеңі мәресіне жетіп, плей-офф бәсекесіне шыққан үздік 16 ұжым белгілі болды.

Спорт • 03 Қараша, 2022

Сәкен мен Серіктің сенімді жеңісі

Бұл күндері Иорданияның бас ша­һары – Амманда бокстан ерлер мен әйел­дер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жат­қаны белгілі. Сары құр­лық бәсекесінің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының үш өкілі шаршы алаңға көтеріліп, тек екеуі ғана келесі ай­налымға жолдама алды. Өкінішке қарай, 63,5 кило салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Маң­ғыстау облысының өкі­лі Санатәлі Төлтаев екін­ші кезеңде Өзбекстан құра­масының намысын қор­ғай­тын қазақ – Руслан Абдуллаевтан же­ңіліп қалды.

Спорт • 03 Қараша, 2022

Күміс алтынға айналса игі

Ертең АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қа­ла­­сында шорт-тректен Әлем кубо­гінің екінші кезеңі басталады. Юта шта­тындағы жарыста Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы да бақ сынайды.

Спорт • 03 Қараша, 2022

Жүлдеден үміттіміз

Бұл күндері Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында спорттық гимнастикадан 51-ші әлем чемпионаты өтіп жатыр. Дүниежүзілік доданың жекелей сынында бақ сынап жатқан Қазақстан ерлер құрамасының екі өкілі финалдық сайысқа жолдама алды.

Спорт • 02 Қараша, 2022

Алғашқы қарсылас анықталды

Иорданияның бас шаһары – Амманда бокстан XXXII Азия чемпионатының жалауы желбіреді. Екі аптаға жалғасатын биылғы Сары құрлық біріншілігінде Азияның 27 елінен келген 267 боксшы (181 ер, 86 әйел) сынға түседі. Бас жүлде үшін жұдырықтасатын боксшылардың қатарында Қазақстанның да былғары қолғап шеберлері бар.

Спорт • 02 Қараша, 2022

Үздіктер қатарында

Түркияның Конья қаласында ұйым­дас­тырылған каратэден кадеттер, жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті.