Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Теннис • 05 Қазан, 2022

Екінші айналымға шықты

Әйелдер арасындағы Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина Чехияның Острава қала­сында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымына жолдама алды.

Теннис • 05 Қазан, 2022

Үздіктер іріктелген турнир

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқан теннистен халықаралық Astana Open ATP 500 турнирінің іріктеу кезеңдері аса тартысты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде-ақ «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстардың жеңімпазы, әлемдік рейтингте алдыңғы орында тұрған тәжірибелі теннисшілер жарыс жолынан шығып қалса, кеше әлемнің бірінші ракеткасы испаниялық Карлос Алькарас еліне аттанып кетті.

Футбол • 04 Қазан, 2022

«Ақтөбе» «Ақжайықтан» ұтылды

Ұлттар лигасы турниріне байланысты уақытша үзіліске шыққан футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасты. Еліміздің жеті қаласында өткен 21-тур матчтары жанкүйерлер күтпеген тосын нәтижелерге толы болды. Мәселен, ел чемпионатында топ бастап, қатарынан сегіз ойында жеңілмеген «Ақтөбе» бұл турда турнир кестесінде соңғы орындарда келе жатқан «Ақжайықтан» ұтылып қалды. «Астана» сырт алаңда әрең дегенде «Тұранмен» тең ойнап, басты қарсыласының ұпай жоғалтқанын тиімді пайдалана алмады.

Спорт • 04 Қазан, 2022

Екінші орынға табан тіреді

Жуырда ғана велоспорттан Аустра­лия­да өткен 23 жасқа дейінгілер ара­­сындағы әлем чемпионатында топ жарған қазақстандық Евгений Фе­доров «Тур Ломбарди» бәсекесінде де жүлделі орыннан көрінді.

Хоккей • 04 Қазан, 2022

Овертаймда жеңді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынап жатқан елорданың «Ба­рысы» сырт айдындағы жеңісті жолын Қазақстанда да жалғастырды.

Спорт • 04 Қазан, 2022

Өзбекстаннан басым түсті

Бұл күндері Қытайдың Чэнду қала­сында үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты өтіп жатыр. Екінші топқа түскен Қазақстан құрамасы бі­рін­шіліктегі алғашқы жеңісіне қол жет­кізді.

Теннис • 03 Қазан, 2022

Астанадағы аса ірі жарыс

Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқан теннистен ATP 500 бәсекесінің іріктеу ойындары аяқталып, кеше негізгі кезеңнің алғашқы матчтары ойналды.

Спорт • 03 Қазан, 2022

АҚШ – әлем чемпионы

Аустралияның Сидней қаласында өткен әйелдер арасындағы баскетболдан әлем чемпионаты АҚШ құра­масының жеңісімен аяқталды. Олар финалда Қытай спортшыларын 83:61 (18:13, 25:20, 25:14, 15:14) есебімен тізе бүктірді.

Теннис • 03 Қазан, 2022

Ел чемпиондары анықталды

Елордадағы «Дәулет» теннис орта­лы­­ғында теннистен ерлер және әйел­дер ара­сында Қазақстан чемпионаты аяқталды.

Спорт • 03 Қазан, 2022

Әлем кубогында топ жарды

Мажарстанның Самботхей қаласында мәресіне жеткен спорттық гимнасти­кадан бесінші Әлем кубогында қазақ­стандық спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізді.