Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
107 материал табылды

Футбол • 09 Қазан, 2023

«Астана» тағы да жеңілді

Еурокубок ойындарының топтық кезеңіне қатысып жатқан елорданың «Астанасы» қатарынан екінші ойында жанкүйерлерін қуанта алмады. Конференция лигасының екінші туры аясында өз алаңында Чехияның «Виктория» командасын қабылдаған жерлестеріміз қарсыластарына 1:2 есебімен жол берді.

Теннис • 06 Қазан, 2023

Astana Open: Маннариноның мерейі үстем болды

Елордада кейінгі үш жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан теннистен «Astana Open ATР 250» турнирі өз мәресіне жетті. Биылғы жарыс Қытай астанасы Бейжіңде алауы тұтанған ATP 500 додасымен қатар өткеніне қарамастан, Астанадағы бәсекеге әлемдік рейтингте алдыңғы қатарда тұрған ең мықты деген теннисшілер қатысты.

Спорт • 06 Қазан, 2023

Кавендиш «Астанада» қалады

Ұлыбританиялық әйгілі велошабандоз Марк Кавендиш тағы бір маусым «Astana Qazaqstan Team» командасында өнер көрсететін болды. Бұл туралы велоклубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпқой бокс • 02 Қазан, 2023

Бірі жеңіп, екіншісі тең түсті

Кеше АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында кәсіпқой бокс кеші өтті. Сол бәсекеде екі отандасымыз кәсіби шаршы алаңдағы кезекті жекпе-жектерін өткізді.

Футбол • 27 Қыркүйек, 2023

Кеңейтілген құрамға енгендер

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 іріктеу кезеңінің қазан айына жоспарланған екі матчына (Дания және Финляндия) шақырту алған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Сұхбат • 25 Қыркүйек, 2023

Ризабек АЙТМҰХАН: Шыдамдылық шыңға шығарады

Күллі Алаш жұртын қуаныш пен шаттыққа бөлеп, тәуелсіздіктен кейінгі ел күресінің тарихында тұңғыш әлем чемпионы атан­ған Ризабек Айтмұхан Аста­наға ат басын тіреді. Сербия­ның бас шаһары – Белградта мә­ресіне жеткен әлемдік додада атой салған Ризабекті елорда жұрты да әуе­жайдан ыстық ықыласпен күтіп алды. Сол қалың жанкүйердің арасынан біз де табылып, қазақтың алтын қасықтай ұлымен аз-кем әңгімелесудің сәті түскен еді.

Футбол • 24 Қыркүйек, 2023

«Астана» қашан еңсе көтереді?

Ала допқа әуесі ауған футбол жанкүйерлері асыға күткен Еуропадағы клубтық деңгейдегі ең ірі үш турнирдің топтық кезеңдегі ойындары басталды. Жыл сайын Еурокубогтің күзгі маусымында доп тебуді әдетке айналдырған еліміздің командалары бұл жолы білгенінен жаңылған жоқ. Былтыр ел біріншілігінде үздік шыққан елорданың «Астанасы» биыл Конференция лигасының топтық кезеңінде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Бокс • 13 Қыркүйек, 2023

Медаль алғандарға – сыйақы

Туризм және спорт минис­тр­лігі санаулы күн­дер­ден кейін Қытайдың Ханч­жоу қаласында алауы тұ­танатын жазғы Азия ойын­дарында жүлде алған ел спортшылары мен олардың жаттықтырушыларын қол­дау мақсатында қаржылай сый­ақы берілетінін мә­лімдеді.

Футбол • 11 Қыркүйек, 2023

Үміт сыйлаған үш ұпай

Қазақстан ұлттық құрама қор­­жынына түскен үш ұпай, отандас­­тарымызды қуанышқа бөле­ді. Командамыз 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Ир­ландия құ­рамасымен екінші матчын өткізіп, тағы да жеңіс туын жел­біретті. Бұл жолы да 1:0 есе­бі тір­келді. Осыдан бірер ай бұ­рын сырт алаңдағы бәсекеде біз­­дің жігіттер қарсыластарын өз жан­­күйерлері алдында 1:0 есебі­мен тізе бүктірген еді.

Футбол • 14 Шілде, 2023

Тартыс Тбилисиде жалғасады

Жыл сайын Еурокубок ойындарына қатысып, мол тәжірибе жинап жүрген елорданың «Астанасы» УЕФА Чемпиондар лигасының биылғы маусымдағы жорығын бастады. Былтыр ел біріншілігінде үздік шығып, Чемпиондар лигасы дейтін абыройлы турнирдің іріктеу кезеңіне қатысу мүмкіндігіне ие болған Григорий Бабаян шәкірттері жаңа маусымдағы тұсаукесер кездесуін Грузияның «Динамо» командасымен өткізді. «Астана Арена» стадионындағы алғашқы ойында командалар тең түсіп, кездесу 1:1 есебімен аяқталды.