Дархан ҚЫДЫРӘЛІ
Дархан ҚЫДЫРӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
167 материал табылды

Әлем • 16 Қаңтар, 2022

Күрделі кезеңде азаматтарымыз қазақ халқын қолдауға жұмылды

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен сұхбат

Пікір • 09 Қаңтар, 2022

Елдік сынға түскен сәт...

Түп тарихымызда түркі баласына тегін келген, арғы ата жолында алаш жұртына арзанға түскен ештеңе болған жоқ. Біз бәрінің өтеуіне қанымыз бен жанымызды берген халықпыз. Басымызды бәйгеге тігіп, байрағымызды алған жұртпыз. Егесіп жүріп, егемен болған елміз.

Пікір • 20 Желтоқсан, 2021

Ерлік пен елдіктің айы

Айдан айдың айырмасы жоқ, әлбетте. Әйтсе де, алты Алаш үшін ардақты, қазақ үшін қастерлі де қымбатты бір ай бар, ол – желтоқсан! Терең тарихымызды тұтас тергемей-ақ, тек соңғы тоқсан жылдың төңірегінде ой қорытсақ, желтоқсан ерліктің, еркіндіктің һәм елдіктің айы екеніне көз жеткіземіз!

Тәуелсіздік • 12 Желтоқсан, 2021

Сыртқы саясат сабақтастығы

Тәу етер Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі белесіне еліміздің толайым табыстармен жетуіне сыртқы саясат саласының қосқан үлесі зор екені анық. Мәмілегерлікті есе жібермей, есебін тауып, елдің еңсесін тіктеу десек, Елбасы еліміздің сыртқы саяси келбетін сымбатты қалыптастырды. Шиеленістерді шешіп, шекарамызды шегендеп берді. Көршілермен іргелес созылған құрлықтағы ең алып шекара Отанымыздың мызғымас тағанына айналды. Қазақстан әлемдік қауымдастықта бейбітшіл айшықты саясаты арқылы өрнек салды, көптеген жаһандық бастамаға ұйытқы болды. Сыртқы саясатымызда осы сабақтастықтың жемісті жалғасып келе жатқанын Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың соңғы 100 күндегі іс-шараларынан да аңғаруға болады. 

Пікір • 07 Желтоқсан, 2021

Тұлға тағылымы һәм тәуелсіздік толғауы

Тәуелсіздіктің ордалы отызжыл­дық беле­сінде еліміздің әр азаматы бостан­дық­тың қадір-парқы туралы, әлемдік қауым­дас­тықта айшықты орын алған әлеует­ті де қуатты мемлекетіміздің қоға­мы­мыз­дың әр мүшесіне тигізген шапағаты мен шарапаты жайында ой-тебіреніске беріліп, бір сәт толғаныста жүруі табиғи жайт. Өйт­ке­ні әркімнің азаттықтың арайлы таңы, аспан түстес алып көк туымыздың саясы жайында айтар ойы, сабақтар сыры бар. Әйт­кенмен осы бір тарихи мезгілде қара орман халқымыз аңсаған арайлы азат­тықты сүйіншілеп жариялап, тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын қалаған азаттық архитекторы, Елбасы Н.Назарбаевтың ақжарма лебізін білгісі келетіні анық. Өйткені Елбасы тәуелсіздікті жариялап қана қоймай «отыз жыл бойы халқын қанат­тыға қақтырмай, тұмсықтыға шо­қыт­тырмай, қайраңға қалдырмай, қа­тар­ға қосқан» тұғырлы тұлға екені әмбеге аян.

Елбасы • 30 Қараша, 2021

Ырысты ынтымақтың ұйытқысы

Елбасының жаһандық бастамалары туралы айтқанда түбі бір түркі дүниесінің ынты­мақтастығына қосқан өлшеусіз үлесі­не тоқталмай өту мүмкін емес. Сондық­тан бүгінгі сөзіміз осы тақырыпқа арналады.

Руханият • 25 Қараша, 2021

Тіл - тұтқа

Күні кеше Елбасы «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығында «мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеу – әр азаматтың парызы» деп атап көрсетті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті бұған дейін де: «Қазақстанның келешегі – қазақ тілінде», дегені белгілі. Бұдан артық қалай айтуға болады.

Қазақстан • 18 Қараша, 2021

Құйылды көшің...

Мемлекет басшысы араға апта салмай Алаш көшіне екі рет назар аударды. Ел Президенті әуелі Түркі мемлекеттері ұйымының тарихи жиынында Алтайдан Анадолыға арпалыспен жеткен ағайынды қамқорлыққа алған Аднан Мендерестің рухына тағзым етіп, қазақ халқының атынан бауырлас түрік жұртына ақжарылғап алғысын білдірген еді. Ал кеше отыз жыл бұрын елге ағылған ұлы көш жайында сөз қозғап, оны атаулы күндер тізбесіне қосуды тапсырды.

Үкімет • 15 Қараша, 2021

Премьер-Министр Асқар МАМИН: Қазақстан сапалы серпіліс жасай білді

Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы Асқар Ұзақбайұлы Мамин кеше еліміздің «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттері бастаған бірқатар жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына жауап беріп, келелі әңгіме өрбітті. Біз кең ауқымды сұхбаттың мазмұнды тұстарын ықшамдап ұсынып отырмыз.