Қорғанбек АМАНЖОЛ
Қорғанбек АМАНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
58 материал табылды

06 Шілде, 2017

Алтын байрақты Астана

Байқар болсақ, «астана» деген сөз қазақта ежелден бар. Мұның өзі халқымыздың бағзы замандардан бері іргелі ел, тегеурінді бел болғандығын айғақтап көрсеткендей. «Тауға да керек астана, тасқа да керек астана» деп қазақтың аяулы ақыны Төлеген Айбергенов жырлағандай, ұйысқан ұлыс, еншілескен ел болған соң астаналы жерге, асқаралы белеске елордасы да тігілмей тұрмасы анық. Бұл ақиқатты қазақ тарихының қатпарлы шежіресінен көреміз.

29 Маусым, 2017

Қазақтың бірлігі

Алаш ұранды, ағаш керегелі хал­қымыз үшін қазақтың бірлігі қа­шаннан-ақ қастерлі сөз, қасиетті ұғым болған. Абылай баһадүр ханның әйгілі үш арманының, үш өкінішінің бірі де осы бірлікке саяды.

22 Маусым, 2017

Қазақтың құты

Қазір қалада тұратын аға буын ұрпақтың басым көпшілігінің санасындағы, жалпы жан дүние­сін­дегі, ұғым-түсінігіндегі алтын бесік ауыл бейнесі бала­лық шақтың бал дәуренінде қа­лып­тасқан ғой. Содан да болар, қашанда көл көңілді қазақы мінездің, астың асыл-дәмдісін көпке сақтайтын дархан пейілдің, айтпай келетін қыдыр қонаққа қуанатын мырза бейілдің нұр шуағына малынып өстік десек те болады. Қарап отырсақ, осындай ақ-адал пейіл, көңілдің кеңдігі қазақтың құты екен-ау.

06 Маусым, 2017

Мәдениет мәйегі

Біздің әңгімеміз жеке адамның мәдениеті, кісілік келбеті, халқы­мыз­дың дәстүрлі әдебі, жалпы адам­гершілік құндылықтар орайын­да өрбімек. Сонымен, мәдениет емес, мә­­дениеттілік туралы сөз қозға­мақпыз.

26 Мамыр, 2017

Ер мен Жер

Қазақтың әзелден ардақ тұтып қастерлейтін қасиетті ата құн­ды­лық­тарының арасында Ер мен Жердің ала­тын орны ерекше. Ер қашанда туып-өскен жеріне тартып туады. Осы бір жайды «Тау баласы тауға қа­рап өседі» деп жырлаған тұма жырлы Тұманбай Молдағалиевтай ақын аға­мыз да кезінде жақсы аңдатқан еді. Се­бебі, ер жерге кіндігімен байланады, ту­ған жерінің барша қадір-қасиетін тұ­ла бойына сіңіріп, көкірегіне құй­ып, соған бүкіл жан-жүрегімен із­гі­лік қайнарына бас қойғандай сусын­дап өседі. Осылайша туған жер ал­дын­да­ғы перзенттік парыз жүгі сал­мақ­та­на бермек, туған жерге деген пер­зент­тік ыстық ілтипат пен махаббат тұр­паттанып толағайлана түспек.

19 Мамыр, 2017

Ел мен ер

Қай заманда болсын туған елі үшін толарсақтан саз кешіп, етікпенен су кешіп, желдің өтінде, жау жақ бетінде жүрер ерен тұлға, біртуар перзенттердің жөні де, жолы да бөлек. Бұл қазақта ел қамын жеп еңіреген Едіге сынды не сан ерлер өткен. Оларды «Есіл ерім!Асыл азаматым!» деп асқақтатады. «Ел бағына туған ер» деп әспеттейді. Ер деп, азамат деп жаяу борасын, жай жөпшеңділерге айтылмайды. Шын мәніндегі ер деген атаққа ілігу ілуде біреудің қолынан келмек.

05 Мамыр, 2017

Ел мен жер

Жарықтық Сәбеңнің – Сәбит Мұқа­новтың «Ботагөз» романының аяқталар тұсында Көк­шенің кеудесінде тұрып қазақ дала­сының ұлы тауларын жіпке тізіп шы­ғатыны әсіресе көнекөз, түрік құлақтардың есінде болар. Ел мен жер­дің қасиет-киесін бір ауыз сөз­бен түген­дегендей сол ғибратты жол­­дарды тағы бір көкейде тоқып, кө­ңілде өрнектеудің тарихи сәті енді түс­кендей.

25 Сәуір, 2017

​Тарих кені – туған жер

«Қазағымның көп тарихы Көк­шеде, қаланып тұр Оқжетпестей текшеге»... Осыдан біраз жылдар бұ­рынғы бір өлеңімізде осылай деп­піз. Шын мәнінде де Көкшетау халқымыздың кенен тарихы қат­пар­ланған қасиетті жерлерінің қа­тарынан ойып тұрып орын алатынына сөз бар ма?

11 Сәуір, 2017

Қатыгездік қайдан шығады?

Қазақта: «Мал құлағы саңырау» дей­тін ежелден келе жатқан бір қа­нат­ты сөз бар. Жантүршігерлік сұм­­­дық сойқандар, қаражүрек қия­нат­­­тар болғанда, соны естігенде, көр­­­генде шарасыздықтан, сондай бір азғындық істі жеккөру мен жи­ір­­кеніштен айтылған сөз.

04 Сәуір, 2017

​Кіндік пен шеңбер

Біздің қазақ «кіндік» деген сөзге ежелден кең мағына, үлкен мазмұн бергендігі байқалады. Сөйтіп, бірте-бірте, бірден-бірге кіндік қасиетті ұғымға айналып, қала берді, филосо­фиялық категория жүгін арқалау деңгейіне жеткен.