Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Темір жол тасымалы жетілдіріле түседі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас­қарма төрағасы Сауат Мыңбаев баста­ған қазақстандық делегация Минскіде өткен ТМД-ға мүше-мемлекеттердің Темір жол көлігі жөніндегі кеңесінің 71-отырысына қатысты. Қатысушылар жыл басынан бергі халықаралық қатынастағы жолаушылар кешені мен темір жол желісін пайдалану жұмысының қорытындысын шығарды.

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Бір өтінішпен – бірнеше қызмет

Бір өтінішпен алуға болатын мемлекеттік қызметтер саны көбейеді, яғни «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы композитті түрде көрсетілетін қызмет түрлерін арттырмақ. Бұдан былай қандайда бір мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылатын өтініш саны азайтылатын болады.

Руханият • 18 Қазан, 2019

Бакуде Түркі академиясының жаңа кітаптары таныстырылды

Халықаралық Түркі академиясы Бакуде Әзербайжан бағытында жарық көрген бірнеше еңбекті оқырман назарына ұсынып, таныстыру рәсімін өткізді.

Парламент • 18 Қазан, 2019

Болгарияда өткен басқосуға қатысты

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров пен Сенат депутаты Ерік Сұлтанов 13-17 қазан күндері Белградта өткен Парламентаралық одақтың 141-ші ассамблеясының жұмысына қатысты, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Масыл болма, асыл бол!

Халқымыз осы уақытқа дейін небір қиын-қыспақ заманды, тағдыр талқаны таусылатындай талай тар жол, тайғақ кезеңді бастан өткерді. Қандай ауыртпалық болса да қабырғасы қайысып жүріп көтерді. Езіліп жатса да еңсесін түсірмеді. Қалың қазақтың кеудесінде бірінші – намыс оты, сосын үміт пен сенім бар еді. Соның арқасында «мың өліп, мың тіріліп», тәуелсіздік дәуіріне аман жетті.

Қазақстан • 14 Қазан, 2019

Сырымдық ару қой бағуды қолға алды

Биыл елімізде жастарды қолдауға арналған кезекті бір жоба қанат қақты. «Жас кәсіпкер» деп аталатын бастама өңірімізде қарқынды жүруде. Мақсаты – жас­тарды қоғамға пайдалы істерге жұмылдыра отырып, кәсіпкерлікке ынталандыру.

Қазақстан • 14 Қазан, 2019

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • 14 Қазан, 2019

Екіжақты келісімге қол қойылды

Тбилиси қаласында (Грузия) өткен Бәсекелестік саласындағы саясат жөніндегі 3-ші халықаралық конференция аясында Қазақстанның бизнес-омбудсмені Болат Палымбетов пен Грузияның бизнес-омбудсмені Иракли Ликвинадзе арасында келісімге қол қойылды.

Қазақстан • 14 Қазан, 2019

Мақтаға тамған маңдай тердің өтеуі қандай?

Еліміздің оңтүстігінде ғана жолға қойылған мақта шаруа­шылығының былайғы елге біліне бермейтін мың сан машақаты бар. Ақ ұлпаның бағасы жоғары болғанда ғана ала жаздай еткен еңбек ақталады. Сол себепті шығар, жерге шит себілгеннен «Биылғы баға қандай болады екен?» деген сауал жиі қойылады.