Ая ӨМІРТАЙ
Ая ӨМІРТАЙ«Egemen Qazaqstan»
277 материал табылды

Руханият • 14 Қараша, 2019

«Ару» – көз арбаған көркемдік әлемі

Нұр-Сұлтан қаласында «Ару-2019» халықаралық зергерлер көрмесі отыз үшінші рет өтті. Армения, Грузия, Польша, Дағыс­тан мен Якутияны қоса алғанда Ресейдің түрлі аймақтары, одан бөлек іргедегі Өзбекстан, Түркияның ең озық кәсіпорындары ұсынған дәстүрлі классика мен жаңа дизайндағы көздің жауын алар зергерлік бұйымдар сан алуандығымен таңдай қақтырды.

Руханият • 12 Қараша, 2019

Қаһарманға құрмет

Нұр-Сұлтан қаласында Ха­лық қаһарманы Ра­қым­­жан Қошқар­баев­тың 95 жылдығына орай «Намыс пен Рух» атты рухани-патриоттық кеш өтті. Жеңіс туын тік­кен қазақ батырына арналған іс-шара елор­­дадағы Рақымжан Қош­қарбаев ескерткіші алдында гүл қою мен тағ­зым етуден басталды.

Қоғам • 06 Қараша, 2019

Кітапхана саласында кілтипан көп

Білім беру және мәдени-ағарту қызметінде орны айрықша кітапхана ордалары халықты ақпаратпен, біліммен қамтудың заманауи талаптарына қаншалықты жауап бере алады? Ел кітапханаларының бүгінгі жай-күйін бағамдау мақсатында жан-жаққа сұрау салып көрген едік, уақыт оздырмай шешілуі тиіс бірнеше мәселе айқындалды. Белгілі болғандай, кітапхана ісіндегі ең бірінші мәселе – саланың нормативтік-құқықтық негізінің жетілмегендігі бірқатар қиындық туғызып келеді.

Қоғам • 25 Қазан, 2019

Тіл тағдыры талқыланды

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата Заңымызда ай­қындалғанымен, өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қа­жет­тілігіне айнала алды ма? Қазақ тілінің қолданыс аясын ке­ңей­ту жолындағы әрбір қазақ­стан­дықтың рөлі қандай? Еліміздің түкпір-түкпірінен тұңғыш тіл форумына жиналған жұртшылық қазақ тілі мен әліпбиі төңірегін­дегі осындай сан сауалға жауап іздей отырып, мемлекеттік тіл сая­сатын жүзеге асырудың өзекті мәселелерін жан-жақты талқыға салды.

Қоғам • 23 Қазан, 2019

Тұңғыш Тіл форумы өтеді

Әлі күнге дейін қоғамдық өміріміздің барлық саласында күнделікті қолданыс құралы бола алмай отырған қазақ тілінің бүгінгі жағдайы қай-қайсымызға да жақсы мәлім. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді», деп мәлімдеуі алдағы жылдар кезеңіне жаңа міндеттер жүктегені рас. Елімізде ғылым, білім, бизнес, медиа сынды алпауыт сала мамандары бас қосып, тұңғыш рет Тіл форумын өткізбек. 

Қоғам • 23 Қазан, 2019

Кедергісіз келешек

Елімізде соңғы бірнеше жылдан бері инклюзивті білім беруді жүзеге асырып келе жатқан мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдары кешенді іс-шараларды белсене атқарып келеді. Соның бір айғағы ретінде жуырда Нұр-Сұлтан қаласында «Шекараларды кеңейте отырып – әлемді ашамыз» атты балалар фестивалі өтті. Аталған халықаралық жиынға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан елдерінен келген ерекше мұқтаждықтары бар елуге тарта бала қатысты.

Қоғам • 21 Қазан, 2019

Тамсандырар табиғат тамашасы

Табиғат аясының тұнық сазы рауандап атқан таң шапағының тыныштығымен астасқан. Жаздың арайлы кештері мен самал түні толыққанды мазмұнымен баурап алса, күзді күнгі саулай төгілген сұлулықтың алдына бір сәт аялдағанда таңғажайып күйді нақ бір алғаш рет бастан кешіргендей тамсанасың. Белгілі суретші, көркемдеуші Игорь Баграмовтың қолынан шыққан дала шындығы осындай өзгеше қанық көріністермен дараланады.

Руханият • 14 Қазан, 2019

«Талтүс» ағылшын тілді оқырманға жол тартты

Соңғы отыз жылда қазақ романы алғаш рет батыс баспасынан жарық көріп, қазақ әдебиетінің көкжиегін кеңейткен жақсы жаңалықтың баршамызды қуантқаны рас. АҚШ-тың Индиана университетіне қарасты Three String Books баспасынан жазушы Таласбек Әсемқұловтың «A Life At Noon» («Талтүс») романы басылып шығып, күні кеше ғана ағылшын тілді оқырманға жол тартты.

Қоғам • 11 Қазан, 2019

Белгісіз Мәмбеев

Белгілі де белгісіз Мәмбеев. Суретшінің өзі бір кездері бастан кешкен арайлы сәттерінің елесі, бәлки сол сәттердің өзі болар мәңгілік ғұмырын әлі де сүріп келе жатқандай. Ұлттық музейде Сабыр Әдірасулұлының шығармашылығына арналған көрме көрерменнің ақыл-ойы мен жанын билеп алып, түстік қатардың діттеген ғажайып тұтастығына самғатты. Жаны нәзік колористің әлеммен үнқатысқандағы көңіл күйі мен сезімі, дүниетанымы мен толқынысының түгел сайрап жатқанына куә болдық.

Қазақстан • 04 Қазан, 2019

Жалпыхалықтық сипатқа ие жоба

«Қазақстанның киелі жерлері­нің географиясы» арнайы жобасы бойынша екі жыл бойы ауқым­ды жұмыстар жүргізіліп, бірінші кезең жемісті аяқталып отыр. Осы ретте Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Туған жер» қазақстандық өлке­танушылар бірлестігі» қоғам­дық бірлестігі Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық музейімен бірлесе отырып, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.