Ая ӨМІРТАЙ
Ая ӨМІРТАЙ«Egemen Qazaqstan»
277 материал табылды

Әдебиет • 22 Наурыз, 2021

Наурыз мейрамында оқуға болатын кітаптар

Наурыз қызықтары енді басталғандай. Бүгінгі топтамадан триллер, өмірбаян, магиялық реализм жанрындағы туындыларға таңдау жасап, сондай-ақ заманауи қазақ прозасының даму бағдарын саралай аласыз.

Өнер • 16 Наурыз, 2021

Музыка өнерінің қарашаңырағы

Ахмет Жұбановтың музыканттар алдында дирижер таяқшасын көтерген алғашқы күннен бастап Құрманғазы оркестрі қазақ күйінен классикаға дейін небір шоқтығы биік шығармалардың жұлдызын жағып келеді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жаңа заманға лайықты өркениетті ел болуға ұмтылыс жолында, тарихи қалыптасу кезеңінде оркестр ұжымы өркенді өзгерістерді бастан кешірді.

Кино • 11 Наурыз, 2021

«Сары мысық» – «Ника» сыйлығынан үміткер

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» картинасы Ресейдің ең беделді киножүлдесі – «Ника» сыйлығының «ТМД, Грузия және Балтық елдерінің үздік фильмі» номинациясына ұсынылып отыр. Картинаны Short Brothers (Қазақстан), «Қазақфильм» және Arizona Productions (Франция) компанияларының қатысуымен Zerde FILMS (Қазақстан) компаниясымен түсірген.

Аймақтар • 11 Наурыз, 2021

Күрестің алдыңғы шебіндегі әйелдер

БҰҰ-ның Халықты қоныстандыру қоры (ЮНФПА) ұйымдастырған «Әйелдер COVID-19 қарсы күрестің алдыңғы шебінде» фотокөрмесі Республика сарайында өтіп жатыр. Көрмеде қазақстандық дәрігерлер, еріктілер, заңгерлер, құқық қорғаушылар мен белсенділер жайында фотосуреттер мен бейнелер галереясы ұсынылған.

Қоғам • 08 Наурыз, 2021

Гендерлік теңдік жолында Қазақстанның өз тәжірибесі бар

БҰҰ Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаела Фриберг-Стори Халықаралық әйелдер мен қыздар мерекесіне орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 05 Наурыз, 2021

Озық қоғам құруда орны айрықша қыздар

Құбылмалы еңбек нарығы жағдайында қыздар қауымы бәсекеде білім мен кәсіби дағдылардың теңсіздігіне тап болады. Мәселен, ғылым, технология, инженерия және математика салалары (STEM) бойынша оқыған түлектер арасында әйелдердің үлесі әлемде 15%-дан аспайды. Осынау қиында қызықты салада өз мүмкіндіктерін дәлелдеп, еңбек етіп жүрген қазақ қыздары Ақмарал Әбдиева мен Мәриям Тілеухан Лондонда тұрады. Олар кәсіби және тұлғалық даму бағытында кеңес беретін Mata.it жобасының бірлескен авторы.

Қоғам • 04 Наурыз, 2021

Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді

Биыл Алматыда әйелдер маршын өткізуге әкімдік алғаш рет рұқсат беріп отыр. Гендерлік теңдік жолында үздіксіз ілгерілеуді жалғайтын бейбіт шеруге әйел құқығына бей-жай қарамайтын қала тұрғындары мен өзге қалалардан келген қонақтар қатыса алады. Шеруге шығушылар не айтқысы келеді? Әйелдер маршын өткізудің маңызы қандай деген сұрақтармен ұйымдастырушыларға хабарласып, мереке қарсаңында оларға сөз беруді жөн көрдік.

Театр • 03 Наурыз, 2021

Қазақ вальсінің королі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры сүйікті көрермендерінің назарына жаңа премьераны тарту етті. 1 наурыз күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығарма­шылығынан көрініс беретін «Шәмші» мюзиклінің премьерасы өтті. Авторы – Мадина Омарова, қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров, режиссердің ассистенті – Мекан Джумабаев.

Қазақстан • 25 Ақпан, 2021

Ұлы дала және Қазақ мемлекеттілігі

Тарих көшінің қалыптасқан құндылықтары мен біте қайнасқан тұтастығы жолында ұлттық та­рихымыздың көкжиегін кеңейту, тарихи дүниетанымын қалыптастыру бағытында Тәуелсіздіктің 30 жыл­дығында атқарылған шаруа ересен. Елбасы кітапханасында өткен «Ұлы дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясында өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, тарих ғылымының басты мәселелері мен оны шешудің мүмкін бағыттары талқыланды.

Әдебиет • 24 Ақпан, 2021

Тың тақырыпты көтерген туынды

Еура­зия ұлттық университетінде филология ғылымдарының кан­­дидаты, түркітанушы ғалым Иманғазы Нұрахметұлының «От пен су» романының тұсаукесері өтті. Әйгілі ғұн патшасы Мөде қағанның тағдыр-талайын арқау еткен көркем туынды­да атал­­ған кезеңнің құқықтық-саяси портретіне талдау жасай оты­рып, наным-сенімі мен таным-парасаты жайында баян­­дайды.