Әлем

Конференция жемқорлықты ауыздықтау мәселесін талқылады

Грузияның Батуми қаласында «Жемқорлықпен күрес және кәсіби тұтастық: аймақтық хаб елдерінің мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибелері» деген тақырыпта халықаралық конференция болып өтті. Шараны Грузия мемлекеттік қызмет бюросының қолдауымен Астана қаласындағы мемлекеттік қызмет саласының аймақтық хабы ұйымдастырды. Конференцияға аймақтың 9 елінің өкілдері, жемқорлықпен күрес саласының сарапшылары мен мамандары, сондай-ақ Қазақстанның Грузиядағы Төтен­ше және өкілетті елшісі Ермұ­хамбет Ертісбаев бастаған дипломатия қызметкерлері қатысты. Жиында ...

Толығырақ »

Еревандағы ереуіл «майданға» айналмады

Дубир-1

Арменияның астанасындағы айқай біраз жерге естілді. Электр энергиясының тарифін көтеруге қарсы ереуілге шыққандардың әрекетін үлкен саяси күрестің басы деп сәуегейлік жасағандар да болды. Бірақ біреулер күткендей ол «майданға» немесе түрлі-түсті революцияға айналған жоқ. Осыдан тура екі апта бұрын негізінен еревандық жастар кіретін «Тонауға – тосқауыл» қозғалысының мүшелері ел астанасында ереуілге шығып, ел басшылығынан электр энергия­сына тарифті көтеру туралы шешімді тоқтатуды ...

Толығырақ »

Пәкстанда ыстықтан қайтыс болғандар саны 1300-ден асты (фото)

02-06-2015-Pakistan 1

АЛМАТЫ. 2 шілде. Пәкстанда күннің ыстығынан қайтыс болған адамдардың саны 1300-ден асты. Елдің оңтүстігінде өткен бір тәуліктің ішінде ғана бұған қосымша 34 адам көз жұмды. 10 мың адам зардап шекті. Бұл туралы meteoprog.ua хабарлады. Тек қана Карачи қаласында күнге күйіп, ыстыққа төзбей қайтыс болғандар саны – 1234 адам. Зардап шеккендердің дені әлеуметтік жағынан қормалған әрі тұрмысы нашар тұрғындар. Ел аумағында ...

Толығырақ »

Нью-Йорк соты штаттың экс-сенаторын 7 жыл түрмеге отырғызды

02-06-2015-Malk senator

АЛМАТЫ. 2 шілде. Нью-Йорк соты штаттан сайланған сенатор, демократ Малкольм Смитке (Malcolm Smith) сайлау кезінде дауыс жинаудың қылмыстық жүйесін жасаған деген айып тағып, 7 жыл түрмеге отырғызды. Бұл туралы Wall Street Journal хабарлады. Қала соты айғақтағандай, Смит 2013 жылы Нью-Йорк мэрінің қызметі үшін сайлауға қатысқан кезінде, өзінің мүдделестері – демократтар партиясының мүшелеріне ірі көлемде пара берген. Экс-кандидаттың берген парасы 200 мың ...

Толығырақ »

Эфиопия ғалымдары ғарыш зерттеу бағдарламасын жасады

01-06-2015-Garush

АЛМАТЫ. 1 шілде. Африка құрылығында жайласқан Эфиопия мемлекетінің ғалымдары ғарыш саласын шындап зерттеуге кірісті. Бұл туралы ВВС хабарлады. Мемлекеттің меншігіндегі бір овсерватория ғарыш бағадарламасына сай іске кірісті де, аса қарқынмен салынып жатқан екіншісінің құрылысы таяу мезгілде аяқталады. Университеттерде астрономиялық курстар жеделдете оқытылып, мектептерде ғарыш тақырыбын әңгімелейтін клубтар ашыла бастады. Елдегі ғалымдар мен саясаткерлердің пікірінше, ғылымның көрнекті саласына бұлайша құлаш ұру ...

Толығырақ »

SMS технологиясын ойлап табушы Матти Макконен қайтыс болды

01-06-2015-SMS UMER

АЛМАТЫ. 1 шілде. Финляндияда 63 жасында қысқа мәтіндік хабарлар (SMS) технологиясын ойлап табушы Матти Макконен қайтыс болды. Бұл туралы ВВС хабарлады. Тарихта ең алғашқы SMS-хабар 1992 жылы 3 желтоқсан күні жіберілді. Алайда, Макконен бұл технологияны сол кезеңнен 8 жыл бұрын ойлап тапқан еді. Инженер бұқаралық ақпарат құралдарына өте сирек сұхбат берген өнертапқыш. 2012 жылы бір журналистің сауалына SMS арқылы жауап ...

Толығырақ »

Үлкен Алтын медальмен марапатталды

foto-popov-posol

Алдыңғы күні Мәскеуде Қа­зақстанның Ресейдегі елшілігінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевты әлем­дік экономиканың дамуына, тарихи маңызды бастама­лары мен интеграциялық үдеріс­тердің қалыптасуы және оны же­тілдіру саласындағы жоғары жетістіктері, Еуразия эко­номикалық одақтың дамуы, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы ара­сындағы экономикалық, ғылыми, мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін экономикалық қоғамдастықтың Үлкен Алтын медалімен марапаттау рәсімі өтті. Награданы табыс еткен Еркін ...

Толығырақ »

Келесі кеңес Қазақстанда өтеді

Кеше Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті. Оған Қазақ­стан Рес­публикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қатыс­ты, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. И.Тасмағамбетов ШЫҰ-ға қатысу­шы елдер арасындағы өзара іс-қимыл дең­гейі қанағаттанарлық деп атап өтті. «Біз бұл ұйымды нығайту мен дамытуға, ШЫҰ мәні­­сін арттыруға ниеттіміз. Осыған бай­ла­нысты Астанада 2016 жылдың мамы­­рында келесі кеңесті өткізу туралы қазақ­стандық ...

Толығырақ »

Жапон пойызында 50 жылда бірінші рет адам өлімі тіркелді (фото)

30-06-2015-Japonia 1

АЛМАТЫ. 30 маусым. Токиодан Осакаға бет алған жолаушылар жүрдек пойызы жарты жолда жылдамдығын тежеп, тоқтауға мәжбүр болды. Оған себеп – алдыңғы вагонның бір жолаушысы туалетке кіріп, тұла бойына тез тұтанғыш сұйық шашып, өзіне-өзі от қойған. Бұл туралы ВВС хабарлады. Өзін өртеген адам сол жерде қаза тапқан. Ал ауыр күйік алып, тұншыққан сол вагондағы тағы бір жолаушы ауруханаға жетпей көз жұмды. ...

Толығырақ »

Индонезияда әскери ұшақ қонақ үйдің үстіне құлап апат болды

30-06-2015-Indonezia 1

АЛМАТЫ. 30 маусым. Индонезияның «Геркулес» әскери-тасымал ұшағы Медан қаласындағы конақ үйдің үстіне құлады. Мейманхана жанындағы тұрғын үйлер де зардап шекті. Бұл туралы reuters хабарлады. Апаттың салдарынан алғашқы есеп бойынша 30 адам көз жұмды. Алайда, қайтыс болғандар мен зардап шегушілердің саны артуы мүмкін. Себебі, ұшақтағы экипаж мүшелерінің саны 12 адам, қонақ үй мен сыртта жүрген зардап шегушілердің барлық саны әлі толықтай ...

Толығырақ »