Соңғы жаңалықтар
Тағайындау • 01 Қазан, 2019
Маңғыстау облысы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Марат Серікұлы Тойжан Маңғыстау облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Руханият • 01 Қазан, 2019
Алтын Орда шаһарларына халықаралық экспедиция жолға шықты
Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы қолдауымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мекемесінің ұйымдастыруымен Жошы Ұлысы астаналары «Сарайшық – Сарай-Бату – Сарай Берке қалалары ізімен» атты халықаралық ғылыми-зерттеу экспедициясына жолға шықты.
Экономика • 01 Қазан, 2019
Жекешелендіру бағдарламасы сәтті жалғасып жатыр - «Самұрық-Қазына» АҚ
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларын сатудан 128,2 млн АҚШ доллары табыс түсті. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 9,8 млн жаhaндық депозитарлық қолхаттарды сатты. Оның 6,5 млн халықаралық инвесторлар, 3,3 млн – отандық инвесторлар сатып алды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 01 Қазан, 2019
Премьер-Министр Асқар Мамин инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі Диалог алаңы аясында Қазақстанда тіркелген Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кезекті кездесуін өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Бокс • 01 Қазан, 2019
Әуесқой рингте жұдырықтасқан кәсіпқой боксшылар жазаланады
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман кәсіпқой боксшылардың әуесқой рингте жұдырықтасуына түбегейлі қарсы екенін мәлімдеді.
Теннис • 01 Қазан, 2019
Теннис: Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасынан ұтылды
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайдың бас шаһары – Бейжіңде өтіп жатқан жүлде қоры 8 285 274 АҚШ долларын құрайтын WTA турнирінің екінші айналымынан аса алмады.
Спорт • 01 Қазан, 2019
Шайбалы хоккей: «Барыс» Қытайдың «Куньлунь» клубынан ұтылды
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті турдағы ойынын Нұр-Сұлтанда өткізген жергілікті «Барыс» Қытайдың «Куньлунь» клубынан ұтылды.
Руханият • 01 Қазан, 2019
Бүгін - Халықаралық музыка күні
Халықаралық музыка күні 1975 жылдан бері 1 қазанда атап өтіледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Facebook парақшасында жазды.
Руханият • 01 Қазан, 2019
Елордада қалалық тіл фестивалі қорытындыланды
Елордада Бейбітшілік және келісім сарайында ХХІ қалалық тіл фестивалінің салтанатты мерекелік кеші өтті. Бұл туралы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі хабарлады.
Аймақтар • 01 Қазан, 2019
Жетібай ауылында экоөнімдер өсіруге қатысты жиын өтті
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылында «Экоөнімдерді өсіру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ауылдағы кітапханада өткен шарада мемлекеттік органдарының өкілдері, ауыл әкімі, аудандық мәслихаттың депутаттары, сала басшылары, мұғалімдер, дәрігерлер және кәсіпкерлер қатысты.
Аймақтар • 01 Қазан, 2019
Медициналық сақтандыру қорына Маңғыстау 10 млрд теңге аударды
Медициналық сақтандыру қорына Маңғыстау облысы бойынша 10 млрд 400 млн теңге шамасында жарна түсті. Бұл – жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2019 жылдың 31 тамызына дейінгі уақытта түскен сома. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Маңғыстау филиалы хабарлады.
Экономика • 01 Қазан, 2019
Биыл республикалық бюджет кірістері 7 трлн 81 млрд теңгені құрайтын болады - ҰЭМ
Бұдан да бұрын хабарлағанымыздай, Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылға арналған республикалық бюджет нақтыланды. Ұлттық Экономика министрі Р.Дәленов негізгі макрокөрсеткіштер және бюджет параметрлерінің болжамы туралы баяндады, ал Қаржы министрінің бірінші орынбасары Б. Шолпанқұлов 2019 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджеттің жобасымен таныстырды.
Қоғам • 01 Қазан, 2019
Үкіметте оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев білім және әлеуметтік-мәдени салаға қатысты түрлі мәселелер жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан • 01 Қазан, 2019
2020 жылдың соңына дейін 880 ауылда кең жолақты интернет желісі қолжетімді болады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен ауылда интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету және 5G-ді дамыту мәселелері туралы өткен Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев және «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев баяндама жасады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Экология • 01 Қазан, 2019
Маңғыстауда экологтар сенбілікке шықты
Маңғыстау облысы Экология департаментінің ұжымы сенбілікке шығып, тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы департамент өкілдері хабарлады.
Кино • 01 Қазан, 2019
Түркістанда «Бекзат» көркем фильмінің тұсаукесері өтті
«Хабар» Агенттігінің тапсырысымен түсірілген фильм Сидней Олимпиадасының чемпионы, жасындай жарқ еткен жұлдыз Бекзат Саттархановтың өміріне арналған.
Экология • 01 Қазан, 2019
Еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды
1 қазан күні Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі деген болжам бар. Бұл туралы Қазгидромет мамандары хабарлады.
Экология • 01 Қазан, 2019
Маңғыстау облыстық Экология департаменті өкілдері «Бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасына қатысты
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаевтың төрағалығымен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының ғимаратында бақылау және қадағалау органдарының өкілдері кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – бизнес-қоғамдастықпен кері байланысты қалыптастыру.
Қоғам • 01 Қазан, 2019
Бүгін жеке тұлғалар үшін мүлік пен жер салығын төлеу мерзімі аяқталады
ҚР Салық кодексінің 532-бабының 6-тармағына сәйкес, мүлік салығы нысан орналасқан жері бойынша өткен есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төленуі тиіс. Сондай-ақ ҚР Салық кодексінің 514-бабының 3-тармағына сәйкес, жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын өткен есептік салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төленуі тиіс. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 01 Қазан, 2019
5G: Ауылдардың жоғары жылдамдықты интернетке қосылуын тездету қажет - А.Мамин
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауылда интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету және 5G-ді дамыту мәселелері қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан • 01 Қазан, 2019
Маңғыстаулық полицейлер Әлем чемпионы Б.Нұрдәулетовпен кездесті
Ресейдің Екатеринбург қаласында қыркүйектің 7-21 аралығында өткен бокстан Әлем чемпионатының жүлдегері Бекзат Нұрдәулетовтің жеңісін бүкіл қазақ елі зор қуанышпен қабылдады. Туған жері Маңғыстау өңіріне оралған боксшы жігітті жерлестері құшақ жая қарсы алып, онымен кездесулер толастар емес. Жас боксшымен кезекті кездесу Маңғыстау облысы Полиция департаментінде өтті.
Қоғам • 01 Қазан, 2019
Пошташы міндеттерінің бір бөлігі ПИК қызметкерлеріне жүктеледі
Пилоттық жобаны әзірге Қазақстанның елордасында ғана іске қосты. Жобаға 5 пәтер иелерінің кооперативі және 44 үй қатысып жатыр. Осы жаңа енгізілімнің арқасында елордалық пошта қызметкерлерінің жүктемесі азайтылды және жазбаша корреспонденция мен мерзімді басылымдарды жеткізудің шапшаңдығы артты. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 01 Қазан, 2019
Үкіметте 2019 жылға арналған республикалық бюджет нақтыланды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылға арналған республикалық бюджет нақтыланды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Экономика • 01 Қазан, 2019
Ресейдің астанасында қыркүйек айының 24-27 жұлдызы арасында өте ауқымды күзгі азық-түлік көрмесі өтті. Бұл ірі шараға әлемнің 65 елінен 1764 компания қатысты. Олардың арасында «Милх», «ДЕП», «Лидер 2010» сүт зауыттары мен «Баян Сұлу» кондитер фабрикасы да болды.
Президент • 01 Қазан, 2019
Президент Жоғары ЕЭК отырысына қатысу үшін Ереванға келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Арменияға келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Аймақтар • 01 Қазан, 2019
Ақтауда әлеуметтік көмек көрсету орталығы ашылды
Ақтауда Nur Otan партиясы бастамасымен қолға алынған «Бақытты отбасы» жобасы аясында көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік көмек көрсету орталығы ашылды. Бұл туралы Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 01 Қазан, 2019
Ақтауда қарттар шахмат ойнаудан сайысқа түсті
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен ардагерлер арасында шахмат жарысы өтті. Іс-шараға облыстық Ассамблея жанынан ашылған Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының және облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Іс-шара жас әнші Саакян Арменнің «Менің елім және Елбасы» әнімен басталды.
Аймақтар • 01 Қазан, 2019
Ақтауда «Жаңғыру елшілері» іс-шарасы өтті
2019 – «Жастар жылы» аясында Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру ешілері» атты екікүндік іс-шарасын ұйымдастырды.
Руханият • 01 Қазан, 2019
Ұлттық музейде Чех Республикасының Қазақстандағы елшілігінің ұйымдастыруымен чехтың көркем шынысын паш ететін Иржи Пачинектің «Шыны бақ» атты көрмесі ашылды.
Қоғам • 01 Қазан, 2019
Жаназаға жаны ауырғандар ғана барса...
Жаратқан ие сыйлаған талантымен танылған жан еді. Түбін қуып келгенде нағашы. Бұл дүниедегі татар дәмі таусылып, қайтпас сапарға аттанған. Жаназаға қарақұрым халық жиналды. Іші атшаптырым, кең мейрамхана. Отыздан аса дастарқан. Әдеттегідей құран оқылып, дұға бағышталды.