Президен
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Финляндия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • Кеше
Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайды қабылдады
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • Кеше
Президент Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада өткен кеңесте Ұлттық банктің былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Музей • Кеше
Қазақстандағы ең басты үш музейге ұлттық мәртебе беріледі
Еліміздегі ең маңызды үш музейге ұлттық мәртебе беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімі барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • Кеше
Олжас Бектенов Президентке су тасқынының салдарын жою туралы есеп берді
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Президентке су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары Үкіметтің тікелей қадағалауымен жүргізіліп жатқанын баяндады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Қазақстандағы елшілігіне барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Иран Ислам Республикасының елшілігінде болып, тікұшақ апаты салдарынан Президент Ибрагим Раиси мен үкіметтік делегация мүшелерінің қайтыс болуына байланысты Иран халқына көңіл айтып, қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • Кеше
Иран президент сайлауын өткізетін күнді белгіледі
Иран үкіметі елдегі 14-ші президенттік сайлауды 28 маусымда өткізу туралы шешім қабылдады. IRNA ресми ақпарат агенттігі Иранның Конституциялық кеңесі мен Ішкі істер министрлігі осындай хабарлама жасағанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 20 Мамыр, 2024
Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім толықтырылды
Мемлекет басшысы «Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 20 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады
Қазақстан Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 20 Мамыр, 2024
Иран Президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан көз жұмды
Иранның сегізінші Президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қайтыс болды. Тікұшақ елдің солтүстік-батысындағы Шығыс Әзербайжан провинциясының Варзакан аймағында құлады, деп хабарлайды Egemen.kz IRNA агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 20 Мамыр, 2024
«Тірі қалғандар жоқ»: Иранның Қызыл Жарты ай қоғамы тікұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады
Иран Президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақ құлаған жерден тірі қалған жандар табылмағаны хабарланды. Бұл туралы Иранның Қызыл Жарты ай қоғамының басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz IRNA агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 20 Мамыр, 2024
Иран Президенті тікұшақ апатынан көз жұмғаны рас па?
Иранның Қызыл Жарты ай қоғамы президент Ибрахим Раисидің тікұшағы табылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы БАӘ Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әмірліктер тарапының бастамасымен осы елдің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 18 Мамыр, 2024
Сенімді серігіме айналды: Димаш Құдайберген Президент сыйға тартқан тазыны көрсетті
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында Мемлекет басшысы сыйға тартқан тазымен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Мамыр, 2024
Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті
Бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Мамыр, 2024
Малайзия Премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапары аяқталған Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді елорда әуежайынан шығарып салды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Мамыр, 2024
Президент Малайзия Премьер-министрімен келіссөз жүргізді
Малайзия делегациясымен кеңейтілген құрамда өткен келіссөз барысында өзара тиімді байланыстарды одан әрі нығайтуға баса мән беріліп, екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 16 Мамыр, 2024
Қазақстанның Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Мамыр, 2024
Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасарын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Мамыр, 2024
Президент Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Мамыр, 2024
Президент Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 14 Мамыр, 2024
Президент «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
Президентке «Қазпошта» акционерлік қоғамының былтыр атқарған қызметінің нәтижесі және компанияның қазіргі қаржылық жағдайы жөнінде мәлімет берілді. Әсел Жанасованың айтуынша, компания соңғы 5 жылда алғаш рет 2,4 миллиард теңге көлемінде пайда тауып, акционерге 1,5 миллиард теңге дивиденд төлеген. Салық аударымдары мен баж алымдарының жалпы көлемі 32,7 миллиард теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Мамыр, 2024
Президент Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Мамыр, 2024
Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі криминогендік ахуал туралы мәлімет берілді. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген. Ұрлық, тонау, қарақшылық, бұзақылық, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, мас күйінде және көшелерде жасалатын құқық бұзушылықтардың саны айтарлықтай азайған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 13 Мамыр, 2024
Президент Мәдениет және ақпарат министрінің есебін тыңдады
Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Президентке ведомство атқарған жұмыстардың нәтижесі, сондай-ақ министрліктің алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті тәсілдер туралы баяндалды, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жастар • 11 Мамыр, 2024
Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері экоакцияға қатысты
Бүгін Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Мемлекеттік басқару академиясы ұжымымен бірлесіп «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы шеңберінде ұйымдастырылған сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Мамыр, 2024
Отандық сарапшы Президент Жарлығына қатысты пікір білдірді
Тәуелсіз сарапшы Рустам Жүрсінов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 8 мамырдағы «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» №542 Жарлығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 11 Мамыр, 2024
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды
Аталған лауазымдық тағайындау туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2024
Елімізде ешкімді сөйлейтін тіліне байланысты кемсітуге жол берілмейді - Айбек Дәдебай
ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай республикалық телеарнаға берген сұхбатында мемлекеттік тілге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 10 Мамыр, 2024
Президент «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.