жолдама
Спорт • 15 Мамыр, 2024
Үстел теннисінен Олимпиада жолдамасына таласатындар анықталды
Париж-2024 лицензиясына үстел теннисінен Қазақстанның 4 спортшысы таласады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Мамыр, 2024
Париж Олимпиадасы: Қоржын 51-ші жолдамамен толықты
Олимпиада жолдамасына велотректен Қазақстан құрамасы ие болды. Лицензия жеке спортшының өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі. Бұл 51-ші жолдама, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Мамыр, 2024
Париж Паралимпиадаcы: Ел қоржынына 12-ші жолдама түсті
Венгрияның Сегед қаласында өткен пара каноэдан лицензиялық әлем чемпионатында Жаңыл Балтабаева жолдама жеңіп алды. «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау ортылығы» РМҚК баспасөз қызметі Қазақстан спортшысының 200 м қашықтықты 1:05.83 секундта бағындырып, мәреге екінші болып жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Мамыр, 2024
Әскерилерден 9 спортшы Олимпиада ойындарына барады
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Армия орталық спорт клубы спорт комитетінің өкілдерін Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Салтанатты іс-шараға Қорғаныс ведомствосы өкілдері, АОСК СК басшылығы, бокстан Олимпия ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов, қазақ күресінен «Әскер барысы» Ерасыл Қажыбаев, «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Ғалымжан Қырықбай қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Мамыр, 2024
Париж-2024: Мамыр айында өтетін лицензиялық жарыстар кестесі
Төртжылдықтың басты додасының басталуына 2 айдан астам уақыт қалды. Қазіргі уақытта Қазақстан еншісінде 50 жолдама бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Мамыр, 2024
Елдос Сметов: Командаластарымды өзіме қарсылас көрмеймін
10-12 мамыр күндері Астанада дзюдодан Париж олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын соңғы рейтингтік турнир өтеді. Жауапты бәсәке алдында дзюдодан ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов дайындық жаттығулары қалай өтіп жатқанын баяндап берді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Спорт • 28 Сәуір, 2024
Париж олимпиадасы: Ел қоржынына 48 жолдама түсті
Бүгін Қазақстан қоржыны екі олимпиада жолдамасымен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Спорт • 28 Сәуір, 2024
Дзюдодан Париж оимпиадасына лицензия үлестіретін соңғы турнир Астанада өтеді
Дзюдодан Париж олимпиадасының соңғы жолдамалары Астанада үлестіріледі. Маңызды бәсекеде 60 елден келген спортшылар бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Сәуір, 2024
Париж Олимпиадасы: қоржынға 47-ші жолдама түсті
Қатар елінің астанасы Дохада стенд атудан өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде сынға түскен Мария Дмитриенко дүбірлі доданың жолдамасына қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Сәуір, 2024
Париж Олимпиадасы: жолдама алды
Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия лицензиялық турнирінде грек-рим күресінен қазақтың екі балуаны Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Яғни қоржынға 45,46-ыншы жолдамалар түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Сәуір, 2024
Париж Олимпиадасы: 44-інші жолдама балуанға бұйырды
Грек-рим күресінен Қырғызстанның бас қаласы Бішкекте өтіп жатқан Азия лицензиялық турнирінде Қазақстан қоржынына кезекті лицензия түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Сәуір, 2024
Темірхан Дайырбек Париж Паралимпиадасына жолдама жеңіп алды
Бүгін Қазақстан пара спортшысы Темірхан Дайырбек академиялық ескек есуден Париж-2024 Паралимпиада ойындарына лицензия ұтып алды. Азия чемпионаты сәуірдің 18-21 күндері Оңтүстік Кореяның Чунджа қаласында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Сәуір, 2024
Қоржынға Париж Олимпиадасының 43-інші жолдамасы түсті
Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық жарысында Қазақстан қоржынына академиялық ескек есуден Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамасы түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Сәуір, 2024
Олимпиадаға іріктеу: Әлішер Ерғали жолдамаға жақындай түсті
Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен Олимпиада жолдамасы сарапқа салынатын лицензиялық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 19 Сәуір, 2024
Париж Олимпиадасының тағы бір жолдамасы қоржында
Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан каноэ мен байдаркада есуден Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары жұптық сында Париж Олимпиадасының тағы бір жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Сәуір, 2024
Париж-2024: Лицензиялық турнирде 16 балуанымыз белдеседі
Осы айдың 19-21 күндері Қырғыз елінің бас шаһары Бішкекте күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі өтіп, Париж Олимпиадасы жолдамаларына талас қызады. Грек-рим күресі және еркін күрестен ер балуандар бес салмақ тұрғысында, ал бұрымдыларымыз алты салмақ бойынша белдесулерге шығады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Сәуір, 2024
Олимпиада ойындарына 100 күн қалды
Жазғы Олимпиада ойындарының басталуына да санаулы айлар қалды. Жанкүйерлер тағатсыздана күткен төртжылдықтың басты додасы 26 шілде – 11 тамыз аралығында өтетіні мәлім. Париж Олимпиадасына әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта Қазақстан делегациясының қоржынында 11 спорт түрінен 31 лицензия бар.
Спорт • 10 Сәуір, 2024
Париж-2024: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жолдамаға таласады
Бүгін Астанада спаррингтік турнирдің финалдық кездесулерінің бірінде ерлер арасында 63,5 келі салмақ бойынша жеңімпаз анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Сәуір, 2024
Тасқыннан зардап шеккен оқушылар сауықтыру орталықтарына жолдама алады
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өңірлік білім басқармалары басшылары қатысуымен өткен аппараттық кеңесте су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларды еліміздегі ең үздік жазғы сауықтыру орталықтарына жіберуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомстоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 01 Сәуір, 2024
Париж Паралимпиадасы: Қоржынға 11 жолдама түсті
28 тамыз – 8 қыркүйек аралығында Франция астанасы Париж қаласында 23 спорт түрінен XVII Паралимпия ойындары өтеді. Оған Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 9 түрінен (пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, отырып ойнайтын волейбол, пара нысана көздеу) қатысады деп жоспарланған. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Наурыз, 2024
Париж-2024: Ауыр атлетикадан жолдама алуға мүмкіндік бар ма?
Ауыр атлетикадан 31 наурыз – 11 сәуір аралығында Таиландта Париж Олимпиадасына лицензиялық ұпай жинауға мүмкіндік беретін Әлем кубогі өтеді. Sportqazaq хабарлағандай, Айнұр Әбдіхалықова мен Сергей Петровичте жолдама алу мүмкіндігі жоғары, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Наурыз, 2024
Париж-2024: Ұлттық құрамада 31 жолдама бар
Париж қаласында алауы тұтанатын Жазғы Олимпия ойындарына санаулы айлар қалды. Төрт жылдықтың басты спорттық оқиғасы 26 шілде – 11 тамыз аралығында өтеді. Оған 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысатындығы жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 26 Наурыз, 2024
Данил Мұсабаев Олимпиада жолдамасына ие болды
Батутты гимнастикадан Қазақстан құрама мүшесі Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Наурыз, 2024
«Көзінен қорқыныш көрдім»: Таеквондошы жеңісі туралы айтты
Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан Азия аймақтық іріктеу турнирінде 17 жасар Батырхан Төлеуғали (80 келі) шешуші кездесуде Сауд Арабиясы өкілі, турнирдегі үздік спортшылардың бірі саналған Әли Мабрук әл-Мабрукті жеңгені белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 19 Наурыз, 2024
Қазақстанның төрт семсершісі Париж жолдамасына таласады
Грузия елінің бас шаһары Тбилисиде шпагамен семсерлесуден әлем кубогі кезеңі өтеді. Ұлттық олимпиадалық комитет мәлім еткендей, аталған кезеңде 60-тан астам елден жиналған спортшылар рейтингтік ұпай мен Олимпиада жолдамасы үшін тартысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Наурыз, 2024
Таэквондодан Париж Олимпиадасына жолдама: Батырхан Төлеуғали жеңіске жетті
Қытай елінің Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Наурыз, 2024
Қазақ боксшылары Париж Олимпиадасына 5 жолдама жеңіп алды
Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан әлемдік іріктеу кезеңі мәресіне жетті. 49 Олимпиада жүлдесі сарапқа салынған турнирде 11 боксшы (6 ер, 5 әйел) ел намысын қорғады. Әйел боксшылардан ширек финалға шыққан Валентина Хальзова және Алуа Балқыбекова қарсыластарына есе жіберді. Яғни, Қазақстанның әйелдер құрамасы олимпиадаға лицензия ала алмады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 11 Наурыз, 2024
Бүгін 7 боксшымыз Олимпиада жолдамасына таласады
11 наурыз - Әлемдік лицензиялық турнирдің тоғызыншы күні. Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокс бәсекесінде ширек финалдық кезеңдер келіп жетті. Демек, бүгін Олимпиада жолдамасының тағдыры шешіледі. Бұл кезеңде 7 ел спортшысы бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Наурыз, 2024
Еркін Ғаббасов Париж Паралимпиадасына жолдама жеңіп алды
Қазақстан спортшысы Еркін Ғаббасов пара оқ атудан Әлем Кубогында екінші орын алып, Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Жарыс ережесі бойынша жартылай финалда 1-8 орынға тұрақтағандар финалға өтеді, Отандасымыз R1 дисциплинасының жартылай финалында 7 орынға тұрақтап, финалға шығып, 246,8 ұпаймен жарыстың күміс жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Наурыз, 2024
Олимпиада жолдамасына таласатын таеквондошылар құрамы анықталды
Таеквондодан наурыздың 15-16 күндері Қытайда Азия чемпионаты лицензиялық турнирі өтеді. Аталған додаға енетін Қазақстан спортшылары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.