# Экология

Экология • 10 Наурыз, 2024

Магнитудасы – 4.8: Алматы маңында тағы жер сілкінді

ТЖМ қарасты Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының станциялар желісі 9 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 17:35 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология • 09 Наурыз, 2024

Алматы маңында тағы жер сілкінді

ТЖМ қарасты Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының станциялар желісі 8 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 22 сағат 41 минут 18 секундта ел аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология • 28 Ақпан, 2024

Каспий теңізінің жағалауы тайызданып барады (видео)

Ақтау блогері Нұркен Тәжібай өзінің Instagram парақшасында Каспий теңізінің тайыз жағалауын түсірген видеоны жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Экология • 22 Ақпан, 2024

Алматыда тағы жер сілкінді

22 ақпан түнгі сағат 00:26 кезінде Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология • 21 Ақпан, 2024

Экологияға тиімді жүйе

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары «Сколково» зерттеушілерімен бірлесіп, жасанды интеллект негізінде «электронды мұрын» жасауды қолға алды. Бұл көп функциялық құрылғыны экологиялық жағдайды бақылаудан бастап, өнімнің сапасын анықтауға немесе адам денсаулығын бақылау секілді түрлі салада қолдануға болады. Бір сөзбен айтқанда, отандық ғалымдар «электронды мұрын» желісін құрып, қаладағы қоршаған ортаны бақылау жүйесінің прототипін құрастыруды жоспарлап отыр.

Экология • 19 Ақпан, 2024

Жаһандық бастамаға үн қосты

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті отандық жоғары оқу орындары арасында әлем тұр­ғындарын энергияны үнемдеуге және табиғи ресурс­тарды сақтауға шақыратын «M’illumino di Meno» экологиялық акциясына бірінші болып қатысып, жаһандық бастамаға үн қосты.

Экология • 19 Ақпан, 2024

Үлбі өзенін ластаған ірі компания 50 млн теңге айыппұл арқалады

Үлбі өзенінің ластануына байланысты тергеу ісі аяқталды. Тексеру нәтижесінде «Қазцинк» ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне 50 млн теңге айыппұл салынды, деп жазады Egemen.kz.

Экология • 18 Ақпан, 2024

Климаттық саясаттағы құлдырау

Жаһанды жайлаған экологиялық ахуалмен күресуге әлем елдерінің күші жетпей жатыр. Еуропаның климаттық саясаты да құлдыраудың аз-ақ алдында тұр. Өйткені фермерлердің наразылық акцияларынан «жалыққан» Еуроодақ комиссиясының басшысы Урсула фон дер Ляйен пестицидтерді пайдалануды екі есе қысқартуға арналған заң жобасын кері қайтарып алып, сынға қалды. Сонымен қатар сарапшылар Қазақстанда «алты айдан астам уақыт бойы жанып тұрған алау, жер бетінде метанның ең үлкен ағымын тіркеді» деп мәлімдеп, мұны Батыс БАҚ-тары жарыса жазды.

Экология • 09 Ақпан, 2024

Аққу, балық һәм киік... Тіршілік иелерін тірідей қырған не?

Бір-екі жан-жануардың жазым болуы жалпы табиғи жағдай екені түсінікті. Тіпті ондай шығынның өзі жерде жатпайды. Табиғаттың өз «дала санитары» бар. Бір өлек­се бірнеше жануардың қорегіне айналады. Ал саны жүз емес, мыңнан асса, бұл – шетін мәселе. Бұл ретте Маң­ғыстау өңіріндегі мыңдап қы­рыл­ған аққудың және басқа да дала тағыларының неден өліп жатқаны туралы зерт­теуші маманнан сұрап көрдік.

Соңғы жаңалықтар

Асхат Оралов жаңа қызметке кірісті

Тағайындау • Бүгін, 15:01

Фото