Қаржы • 23 Сәуір, 2024

Елдегі су тасқыны салдарын жоюға бөлінген 1 млрд теңге ұрланған

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексереді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Елдегі су тасқыны салдарын жоюға бөлінген 1 млрд теңге ұрланған

Фото: stan.kz

Мұндай тапсырманы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов берді. Ол бюджеттен бөлінген ақшаның қайда кеткенін сапалы тексеру мен бағалау қажет екенін алға тартты.

«Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды пайдалануды зерделеуі қажет», деді Дмитрий Малахов.

щд

Еске салайық, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер мен қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлген. Осы тұста ҚМА басшысы елдегі су тасқыны салдарын жою мақсатында бөлінген қаржыны мақсатты пайдалану мен зардап шеккен барлық азаматқа нақты көмек көрсету шараларын қамтамасыз етуді тапсырды.

Нәтижесінде, қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында ақша жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылды. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты.

«Сонымен қатар «зардап шеккендерге көмектесу» үшін ақша жинайтын алаяқтарға қарсы іс-шаралар кешені қабылданады. Одна бөлек бағаның өсуіне жол бермеуге ерекше назар аудару тапсырылды. Ол үшін азық-түлік, ауызсу, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттардың бағасына мониторинг жүргізіледі», делінген ҚМА хабарламасында.

Сондай-ақ құрылыс материалдарының бағасымен алыпсатарлық тәуекелдерін алдын алу қызметі де жанданды. Анықталған фактілермен күрес аналитикалық құралдарды пайдалана отырып жүргізіледі.