Спорт • 23 Сәуір, 2024

Париж Олимпиадасы: қоржынға 47-ші жолдама түсті

78 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қатар елінің астанасы Дохада стенд атудан өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде сынға түскен Мария Дмитриенко дүбірлі доданың жолдамасына қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Париж Олимпиадасы: қоржынға 47-ші жолдама түсті

Фото: @sportqazaq

Қазақстан спортшысы «трап» жаттығуын орындау кезінде ерекше көзге түсті.

Ел қоржынына Париж Олимпиадасының 47-ші жолдамасын салған Мария Дмитриенко 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, 8-ші орынға тұрақтаған еді.