Бір апта өтті. Атқарылған жұмыстың ауқымы қандай?

ERA_7754+Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық ТҰРҒАНҚҰЛОВПЕН әңгіме

– Қуандық Тұрғанқұлұлы, Мемлекет басшысының Пар­ламент Мәжілісі депутат­тары­ның кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойғанына, міне, бір апта уақыт өтті. Ортсайлаукомның осы уақыт ішінде атқарған жұмысы туралы айтып берсеңіз.

– Шынымен де, бір апта уа­қыт өтті. Десек те, осы уақыт ара­лы­ғын­да біз біршама жұмыс атқар­дық. Біріншіден, Комиссия отыры­сын­да сайлау үдерісін ұйым­дас­ты­ру үшін қажетті бірінші ке­зек­­те­гі нормативтік-құқықтық акті­лер­ді бекіттік. Сонымен қатар, біз 18 шет мемлекеттің Ортсай­лау­­ком­­дарының бірінші басшы­ла­ры­на шақырулар жіберіп, халық­­аралық байқаушылардың қызметін рег­ла­менттейтін құжаттар қабылдадық.

Екіншіден, сайлау науқанын ұйым­дастыру мен өткізу мәсе­лелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. Бұл жиында біз алдағы электораттық науқанның барлық қырларын нақты талқыладық және электораттық үдерістің бар­лық қатысушыларына сайлау заң­намасы бойынша егжей-тегжейлі түсінік бердік. Үшіншіден, халық­ты алдағы сайлау туралы ақпарат­тандыру жөнінде ауқымды жұмыс басталды. Аталған жұмыс шең­берінде сайлаушылардың сайлау күні дауыс беруге келуі үшін қазақстандықтардың азаматтық белсенділігін арттыруға баса назар аударылады.

Еліміздегі сайлаушылар саны қанша болды?

– «Сайлау туралы» Заңға сәй­кес әр жылдың 1 шілдесіне жә­не 1 қаңтарына қарай жергілікті атқа­ру­шы органдар сайлаушылар ту­ралы мәліметтер береді. Сон­дық­тан, қазіргі уақытта барлық ау­мақ­тық сайлау комиссияларында жә­не Ортсайлаукомда сайлаушы­лар тізімдері бар. Тізілімге сәйкес, еліміздегі сайлаушылар саны 9 миллион 792 мың адамды құрайды.

Қазіргі кездегі басты міндет – еліміздің әрбір азаматы өзінің конституциялық құқығын пайдалануы үшін әрбір учаске бойынша сайлаушылардың дұрыс тізімдерін қалыптастыру. Бұл ретте сайлаушылар тізімдерін жасау – үздіксіз үдеріс екенін атап өткім келеді. Осыған байланысты тізімдер біз бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес сайлаушылардың танысуы үшін сайлау комиссияларына 28 ақпанға дейін ұсынылады. Сонымен бірге, сайлаушылар тізім­дерін толықтыру жұмысы дауыс беру күні де жүргізіледі. Сайлау­шылар тізімдерінің дұрыс­ты­ғына жергілікті атқарушы ор­ган­­дар жауапты. Және бұл міндет­ті шешу үшін барлық ресурстар қол­данылып отыр. Сонымен қатар, еліміздің әрбір азаматын азамат­тық белсенділік танытуға шақыр­ғым келеді. Осыған байланысты біз сай­лаушыларға арналған тиісті үн­деу қабылдап, жария еттік. 4 нау­рыздан бастап өз сайлау учаске­сі­не барып, өздерін сайлаушы­лар ті­зімдерінен тексерулеріне болады.

– Ағымдағы экономикалық жағдаят тұрғысында талқыға түсетін мәселелердің бірі қаржы мәселесі болып табылады. Бізге сайлау науқанына жұмсалатын шығыстар құрылымы туралы айтып бере аласыз ба?

– Мәжіліс депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауды өткізуге 7 миллиард 985 миллион 300 мың теңге қажет етіледі. Электораттық науқанға жұмсалатын қаражаттың ішіндегі шығындардың 53%-ын сайлау комиссиялары мүшелеріне тө­ленетін еңбекақы құрайды. Бұл рет­те, заңнамаға сәйкес, мемлекет­тік қызметші болып табыла­тын сайлау комиссияларының мүше­леріне еңбекақы төленбейді. Бі­рақ, оларға мереке және демалыс күн­деріндегі жұмысы үшін үстемеақы төленеді.

Жалпы, сайлау комиссия­лары­ның мүшелеріне еңбекақы төлеу Еңбек кодексіне сәйкес нақты жұ­мыс уақыты үшін табель­ге сай жүргізіледі. Ал екінші негіз­гі маңызды шығыстар тармағы – бұл мәслихаттар депутаттығына канди­даттардың сайлау алдындағы үгітін жүргізуге арналған шы­ғындар. Ол – 17,4 пайыз.

Елімізідің заңнамасына сәйкес мемлекет кандидаттарға БАҚ-та ең төмен көлем мөлшеріндегі үгіт жүргізу үшін қаражатты тең бөлу кепілдігін береді. Әрбір кан­дидатқа теледидардан 15 минут­тық сөз сөйлеуге, радиодан 10 минуттық сөз сөйлеуге, сондай-ақ, баспа басылымдарында көлемі 0,1 бас­па табақтан аспайтын екі мақала жариялауға қаражат беріледі.

Жалпы алғанда, тек осы екі бап бойынша ғана электораттық науқанға бөлінген қаражаттың 70%-дан астамы жұмсалатын бо­ла­ды. Шығыстардың қалған бөлі­гі – бюллетеньдерді басып шы­ға­­руға, дыбыс және бейнеро­лик­терді әзірлеуге және оларды кейін­нен теледидар мен радиода ай­налдыруға, билбордтарды, сыртқы жарнаманың әртүрлі элементтерін орналастыруға және басқаларына жұмсалады.

– Алдағы кезеңде Орталық сайлау комиссиясы қандай мәсе­лелерге баса көңіл бөлмек?

– Алдағы кезеңде біз үш бағытқа барлық күш-жігерімізді бағыттаймыз. Бірінші бағыт – саяси партиялармен жұмыс. Сай­лауға қатысуға ниет білдірген барлық саяси партиялар өздерінің съез­дерін өткізіп, партиялық тізім­дерін бекітуге және бізге ұсынуға тиіс. Бұл ретте, барлық облыстар мен Астана және Алматы қала­лары­нан өңірлік филиал өкілдері­нің съезд жұмысына қатысуы міндетті шарт болып табылады.

Осыдан кейін біз тізімге енгі­зіл­ген әрбір адамды тексеруді ұйым­дастырамыз. Аталған ресім Конс­титуциямызда және сайлау заң­намасында регламенттелген. Конституцияға сәйкес жасы 25-ке толған, Қазақстан Респуб­ликасының азаматтығында тұра­тын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Мәжіліс депутаты бола алатынын естеріңізге сала кетейін. Сондай-ақ, аталған адамдар салық және басқа да мемлекеттік органдар тарапынан тексеріледі.

Тұтас алғанда, кандидаттарға қойылатын талаптар мен оларды кейіннен тексеру жалпыға бірдей әлемдік тәжірибе болып табылады және демократиялық елдердің барлығында қолданылады. Барлық тексерулер аяқталған соң, біз саяси партияның тізімін тіркейміз және оған сайлау алдындағы бәсекеге жол беріледі.

Екінші бағыт – сайлау комис­сия­ларының қызметін ұйым­дас­тыру. Осы күндері барлық жергілікті баспа басылымдарында учаскелік сайлау комиссиялары мү­шелерінің тізімі жарияланды. Кейбір учаскелерде әртүрлі себептерге байланысты бос орындар болды және біз заң нормаларына сәйкес мәслихаттармен бірлесе отырып оларды жаптық. Енді округтік және аумақтық сайлау комиссиялары бойынша да осындай жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, жақында біз барлық өңірлерде сайлаушылардың өз учаскесінің орналасқан жері туралы алдын ала ақпарат алуы үшін сайлау учаскелерінің шекараларын жариялауды ұйымдастырмақпыз.

Үшінші бағыт – әдіс­теме­лік қамтамасыз ету. Біз барлық өңір­лерде сайлау комиссия­лары­ның мүшелеріне арналған семинарлар ұйымдастыруды жос­парлап отырмыз. Бұдан басқа республикалық БАҚ-тар басшылары үшін Парламент Мәжілі­сінің депутаттарын сайлау бойынша үгіт науқанын өткізу мәселе­лері жөнінде семинар ұйымдас­ты­рылатын болады. Аталған семинар барысында интернетте және әлеуметтік желілерде үгіт жұ­мысын жүргізу мәселесі жеке қаралады. Сондай-ақ, үгіт жұмы­сын жүргізу мәселелері бойынша сайлау науқанына қатысатын саяси партиялардың өкілдеріне арналған тренинг де өткізіледі.

Жалпы, біздің негізгі назарымызды аударатын мәселелер топтамасы, міне, осындай. Осы­лармен қатар, халықаралық ұйым­дармен халықаралық байқауға қатысты жұмыс жүргізілуде. Сайлау үдерісінің барлық қатысу­шыларына және тағы басқаларына арналған әдістемелік құралдар басып шығару мәселесіне баса көңіл бөлініп отыр.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Айдары
Басты мақалаларСаясат
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

бес − 4 =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2016
ДүСеСсБсЖұСнЖк
« Жел Ақп »
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
QR-код

Осыған ұқсас

  • 29 08 - tagaindau

    Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

    Үкіметі қаулысымен Білім және ғылым вице-министрі болып Асланбек Әмрин тағайындалды. Аталған минситрлік басшысы Ерлан Сағадиев жаңа вице-министрді ұжыммен таныстырды. А.Әмрин М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Л.Гумилев атындағы Еуразия...
  • 28 08 - elshi

    Қытай мен Қазақстан ынтымақтастығының жай-күйі талқыланды

    Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі Ли Хуэйлаймен кездесті, деп хабарлады inform.kz Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың қазіргі...
  • 28 08 - pm

    Премьер-Министр кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

    Премьер-Министр қазақстандық кеншілер мен еңбек ардагерлерін Шахтерлер күнімен құттықтады. Өзінің құттықтауын Үкімет басшысы Твиттердегі аккаунтында жариялады, деп хабарлады pm.kz «Кеншілер мен еңбек ардагерлерін Шахтерлер күнімен құттықтаймын! Еңбектеріңіз жана берсін!»,...
  • пан ги мун

    Күрделі түйіннің күрмеуін тарқатқан

    Пан Ги МУН, БҰҰ Бас хатшысы: – Ядролық қарудан азат әлем құру – БҰҰ-ны біріктіретін басты мақсат және жалпы адамзат баласының арманы. Бұрынғы Семей ядролық полигоны болған жерде тұрып,...