Жусан

14-03-16-polynқатерлі ісікті 16 сағатта жоқ қылады

АҚШ-тың Калифорния шта­тындағы университет ғалымдары ғылыми тілде Artemisia Annua деп аталатын өсімдіктің бар-жоғы 16 сағаттың ішінде өкпе рагы жасушаларының 98 пайы­зын бірден жойып жіберуге қабілетті екенін анықтады. Бұл – қазақ сахарасының кез келген дерлік жерінде жұпар иісі бұрқырап өсіп тұратын кәдімгі жусан шөбі. Атам қазақ ертеден қастер тұтқан, алыс сапарларға шыққанда ұдайы жанында бір бумасын алып жүрген өскіннің осындай құдіреті бар болып шықты.

Америка ғалымдары жусанды бұл мақсатқа пайдалана білудің де өз ерекшеліктері бар екенін айтып отыр. Мысалы, оның бір жылдық өскінін емге қолданған жағдайда ол өкпедегі қатерлі ісіктің тек 28 пайызын ғана жойып жібере алады. Ал егер оған темір қоспасын қосып пайдаланса, өсімдік ракты толық құртып жі­береді.

– Тұтастай алғанда, зерттеу нәти­желері артемизинин препара­тының рак жасуша­ларының қарқынмен өсуін толық бақылауда ұстай алатынын көрсетіп берді, – деді зерттеу авторлары.

Ал Sanofi фармацевтік компаниясы осыдан бастап жылына 50-60 тонна артемизинин өндіріп тұратынын мәлімдеді.

Дәрі жасау өндірісінде бұрын осынау қышқылтым өсімдіктің сабағы мен жапырағы безгектен емдеудің өте күшті құралы ретінде пайдаланылып келген екен.

Еске сала кетейік, жақында АҚШ ғалымдары рак ауруларымен күресте революциялық деңгейдегі терапия табылып отыр­ғанын жариялаған болатын. Оның жусанмен қатысты екені енді ғана айтылып отыр.

Мұрат АЙТҚОЖА.

 

Айдары
Басты мақалаларТіршілік
1 пікір жазылған
  • сания
    17 наурыз 2016 at 13:50
    Пікір жазу

    Міне қызық, оны ауруды алдын алу шарасы ретінде ішуге бола ма екен.Кім біледі, жазыңыздаршы!

  • Пікір жазу

    *

    *

    екі × үш =

    PDF нұсқаға жазылу
    Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
    Атыңыз
    Э-поштаңыз
    Мұрағат
    наурыз 2016
    ДсСсСрБсЖмСнЖк
    « Ақп Сәу »
     123456
    78910111213
    14151617181920
    21222324252627
    28293031 
    QR-код

    Осыған ұқсас

    • 26-09-jarmenke

      Алматылықтар жәрмеңкеде 180 млн теңгеге азық-түлік алды

      Алматыдағы «Астана» алаңында Алматы облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Оған өңірдің тауар өндірушілері сапалы әрі экологиялық таза өнім түрлерінен 360 тоннадан астам азық-түлік әкелді. Осы күні алматылықтар 63,5 тонна ет,...
    • 26-09-zamorozki

      Еліміздің бірқатар аймақтарында үсік жүреді

      Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады. Тек батыс пен оңтүстік өңірлердің кей жерлерінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, жел күшейеді. «Қазгидрометтің» мәліметінше, түнде және таңертең кей жерлерде...
    • 9116-news-460298

      Автокөлік тіркеу оңайлады. Ол қалай?

      Ертеңнен бастап Қазақстанда автокөлік тіркеудің жаңа тәртібі күшіне енетін болады деп хабарлайды Егемен-ақпарат. Ол «экстерриториалды» деп аталады. Жаңа принципке сәйкес еліміз азаматтары үшін автокөлік тіркеу ісі жеңілдеді. Бұдан былай...
    • 24-09-mal-bazar

      Алматы облысында ағайынды үш жігіт із-түссіз жоғалды

      Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы мал базарға 40 бас ірі-қараны алып шыққан ағайындылар сол күйі ауылдарына оралмаған. Жігіттердің әлдебіреулермен бағаға келісіп, мал тиелген екі жүк көлігімен тауға қарай кеткенін көргендер бар....