• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
02 Қыркүйек, 2016

Автобус маршруттарының бағыты өзгереді

505 рет
көрсетілді

Астанада 2016 жылдың 5 қыркүйегі мен 1 қазан аралығында инженерлік желі жүргізу жұмыстарына байланысты Қабанбай батыр даңғылында, № 31 көшесінің учаскесінен бастап, Хусейн бен Талал көшесіне дейін жол қозғалысы шектеледі. Осыған орай 13 автобус маршрут бағыттарын өзгертеді. № 10, 27, 37-маршруттардың Қабанбай батыр даңғылындағы «Асыл-Тау» БО» аялдамасына дейінгі бағыты өзгермейді. Әрі қарай Керей, Жәнібек хандар көшесімен Тұран даңғылына шығады. Одан әрі бұрынғы бағыт сызбасы бойынша жүреді. № 12, 40, 51-маршруттардың да Қабанбай батыр даңғылындағы «Асыл-Тау» БО» аялдамасына дейінгі бағыттары өзгермейді. Бірақ Керей, Жәнібек хандар көшесі – Орынбор – Рысқұлов көшелерін бойлап барып, Орынбор көшесінен кері қайта айналады да қалыптасқан бағыт сызбасы бойынша жүреді. № 43-маршруттың Тұран даңғылындағы «Ұлттық Кардиологиялық орталық» аялдамасына дейінгі бағыты өзгеріссіз қалады. Одан әрі Тұран даңғылымен тура Қарқаралы тас жолына шығады, сөйтіп бұрынғы жолына түседі. № 53-маршрут та Тұран даңғылындағы «Ұлттық Кардиологиялық орталық» аялдамасына дейінгі бағытын өзгертпейді. Одан әрі Керей, Жәнібек хандар даңғылы – Орынбор – Рысқұлов көшесіне түсіп, кері айналып Орынбор көшесіне шығады. Әрі қарай бұрынғы бағыты бойынша жүреді. № 55-маршруттың Тұран даңғылындағы «Научный» ТК» аялдамасына дейінгі бағыты өзгермейді, әрі қарай Тұран даңғылымен тура жүріп, №31 көше қиылысында кері бұрылады. № 302, 303, 308, 309-ші қала маңына жүретін маршруттар Қабанбай батыр даңғылындағы «Кардиохирургиялық клиника» аялдамасына дейінгі бағыттарын өзгертпейді. Әрі қарай Сығанақ көшесі – Тұран даңғылы – Қарқаралы тас жолымен жүреді, одан кейін бұрынғы бағытымен жүреді. Аталғат маршруттардың кері бағыты да осындай. Бұрынғы жүру сызбасы инженерлік желі жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін қалпына келтіріледі. Айдар ӨРІСБАЕВ