• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2016

Каспийде бір тоннаға жуық балық аулаған браконьерлер ұсталды

353 рет
көрсетілді

Атырау облысындағы Каспий теңізінде су полициясы бір тоннаға жуық балық аулаған браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды express-k.kz Атырау облысы ішкі істер департаменті балық қорларына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес жөніндегі бөлім жетекшісі Серік Жанұзақовтың айтуынша, жедел рейд жүргізу барысында заңсыз балық аулаушыларды ұстаған. Олар жағалаудан 20 шақырым жерден күдікті қайықты байқап, жақындап барғанда, теңізге қарай қаша жөнелген. Қайық ұсталды және онда Атырау облысы Исатай ауданының екі тұрғыны қолға түсті. Сонымен бірге, 831 кило заңсыз ауланған сазан табылды.