Қазақстан Президенті 6-9 қарашада ресми сапармен Жапонияда болады, деп хабарлайды akorda.kz.
Токиода Жапонияның императоры Акихитомен, премьер-министр Синдзо Абэмен және іскер топтар өкілдерімен кездесу өтеді.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Жапонияның Парламентінде және «Токай» университетінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев Хиросимадағы Бейбітшілік мемориалдық саябағында болып, «Хиросима қаласының айрықша құрметті азаматы» арнаулы атағын салтанатты түрде тапсыру рәсіміне қатысады.