• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Қараша, 2016

«Денсаулық» бағдарламасының артықшылықтары айтылды

246 рет
көрсетілді

Үкімет отырысы барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының артықшылықтарын баяндады. Денсаулық сақтау саласының алдағы 4 жылға арналған стратегиялық жоспары: 2020 жылға таман халықтың өмір сүру ұзақтығын  73 жасқа дейін ұзарту, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жүйесі мен басқаруын жақсарту. 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы бойынша, азаматтардың денсаулығын жоспарланған көрсеткіштерге жеткізу үшін және дамыған 30 елдің (ЭЫДҰ) деңгейіне сәйкес әзірленді. Аян Әбдуали "Егемен Қазақстан"