Денсаулық сақтау саласын дамыту мәселесіне арналған Үкімет отырысында бүгін Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы денсаулық саласын еске алып, бүгінгі жетістіктерге де тоқталды. Мысалы, Тәуелсіздік алған алғашқы 1991 жылды мысалға алатын болсақ, өмір сүру ұзақтығымыз ол кезде 67 жас болған. 25 жылда аталған көрсеткіш 5 жасқа ұлғайып отыр. Сонымен қатар, ана өлімі бес есе, бала өлімі үш есеге азайған.
Үкімет басшысының айтуынша, Тәуелсіздік жылдары елімізде мемлекет қаражатынан 1 300-ден астам денсаулық сақтау нысандары іске қосылды. Жылдың соңына дейін тағы 350-ге жуық емxаналар мен амбулаторияларды салу жоспарланып отыр.
«Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасы бойынша барлық облыстарда қазір кардиоxирургиялық бөлімдер желісі ашылды. Астанада медициналық кластер іске қосылды. Елімізде жүрекке, миға бұрын болмаған операциялар жасау қолға алынып отыр. Осының нәтижесінде елімізге шетелден көптеген науқастар емделуге келіп жатыр. Осы соңғы 8 айдың ішінде 7,5 мыңнан астам шетел азаматы Қазақстанда емделген екен. Іске асырылған шаралардың нақты нәтижесі, xалықтың орташа өмір сүру ұзақтығы ұлғайды», деді Б.Сағынтаев.
Динара БІТІКОВА, "Егемен Қазақстан"