Жалпы биыл облыстық бюджет есебінен Мақтаарал ауданында 35 дана бейнебақылау камералары орнатылған. Олардың 31-і бейнекамера болса, 4-еуі автокөліктердің нөмір белгілерін тіркеуге қабілетті. Бейнекамералардың 19 данасы Жетісай қаласында, 4 данасы Атакент кентінде, 2 данасы Асықатада, 2 данасы Мырзакентте, 1 данасы Алпамыс батыр ескерткіші маңында, 1 данасы Азаттық елді мекенінде, 1 дана бейнекамера мен 2 дана тіркеу камерасы «Тәуелсіздік» көпірі маңында, Қызылқұм ауылдық округі Түркебай елді мекенінде 1 дана бейнекамера және 2 дана АНБК орналасқан.
Сонымен қатар, аудандық Ішкі істер басқармасы ғимаратына жедел басқару орталығына (ЦОУ) құрал-жабдықтар орнатылып, жабдықталған.
Айта кетейік, бейнебақылау жүйелерін дамыту жобасы облыс әкімінің бастамасымен іске асып отыр.