• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2017

Криштиану Роналду – әлемдегі ең бай спортшы  

197 рет
көрсетілді

Португалия ұлттық құрамасының және «Реал» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай спортшы атанды. Бұл көрсеткіште «Барселона» ойыншысы Лионель Месси екінші орынға тұрақтады. Рейтингте спортшылардың өткен жылғы жылдық жалақысы, бонустар, жарнамадан түскен қаржысы есепке алынды. Forbes мәліметі бойынша португал ойыншысының ақшасы 88 миллион долларды (56 млн доллар клубтан тапқан + 32 млн доллар жарнамадан түскен) құраған. Мессидің табысы – 81,4 млн доллар (53,4 + 28). Ал үштікті баскетболшы ЛеБрон Джеймс түйіндеді (77,2 млн доллар (23,2 + 54)).