• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Мамыр, 2017

Әскерге шақыру

261 рет
көрсетілді

Оны ұйымдастыру ісі бүгінгі талаптарға сай ма? Еліміздің жас қырандарын Отанды сүйе білуге және олардың бойында отаншылдық сезімді қа­лып­тастыруға алғышарт қалайтын ілкімді істің бірі әс­кер қатарына шақырылуды қалтқысыз ұйым­дас­­ты­ру болмақ. Сондықтан, біз Ақтөбе аймағы мы­са­лында қазіргі көктемгі шақырылу кезінде оның мән-жайы мен кейбір иірімдеріне ой жүгірткенді жөн көрдік.

Отанымыздың Қарулы Күш­тері қатарына он сегіз жас­қа толып, азамат деген ас­қа­ралы атауға ие бол­ғандар ша­қырылатыны бел­гілі. Әри­не, он сегіз – адамның оңы мен солын айқын ажы­р­а­­туға то­лық жететін шағы. Ой­ын да, бойын да бекіткен кезі. Со­­лай бола тұрса да, мұн­­­­дай жас­тағы жігіттерге ел ал­дын­да­­ғы борышын өтеу бас­­ты па­рыз екенін ұғы­ндыра тү­­су ар­тықтық ет­п­­ей­ді дер едік. Бұл та­қы­рып­тағы әңгімелер әс­кер­ге шақырылуды ұйым­дас­тыру жұмыстары аясын­да да жүргізіле бере­тіні аян. Мұндай кезде олар­дың ең алғаш аттайтын, әс­ке­­ри тәртіптің жай-күйін кө­­ңіліне ең алғаш түйетін ор­ны аудандық және қалалық қор­ғаныс істері жөніндегі бө­лім­дер болмақ.

Ал, аталған бөлім­дердің ғимараттары әскер қатарына шақырылған аза­маттармен жан-жақты жұмыс жүргізуге сәйкес келе ме? Әрине, бұл арада қаладағы ғимараттарға қа­­­тысты айтарлықтай сын ай­та қоюдың реті жоқ. Бас­ты мә­селе аудандардағы қор­ға­ныс істері жөніндегі бөлім ғи­мараттары жөнінде десек, бұл мәселеде әлі де ше­ші­мі табылмай келе жат­қан түй­ткілдер бар екені анық. Осы орайда оның тар­лығы, ма­териалдық-тех­никалық ба­засының тө­мендігі көзге ұра­ды. Ақтөбе облыстық қор­ға­ныс істері жөніндегі департа­ме­нт басшысы Сейіткерім Арапбаев тіл тиегін осы тұстан тар­қатты.

Мұндай көріністер елі­міз­дің шалғайдағы бір­қатар ауданына тән десек, шындықтан ауытқи қой­маспыз. Сондай-ақ, депар­тамент басшысының тұ­жы­рымдауынша, Қару­лы Күш­тер қатарына ша­қы­ру жұ­мыстары бір ғана ғи­ма­рат­тың сәйкес кел­меуімен шектелмейді. Мұ­ны ұйым­дас­тыруға арнайы техникалар да бөлінуі қа­жет көрінеді. Со­нымен бірге, медициналық құ­рал-жаб­дықтар жеткілікті бо­луы­ның да көктемгі және күз­гі ша­қыруларды сапалық тұр­­ғыдан қамтамасыз етуге оң әсер ететіні айтпаса да түсі­нікті.

Бұдан шығатын ой-түйін − республика аудан­дары орта­лық­тарында бүгінгі заман та­лаптарына сәйкес келетін жаңа үлгідегі қор­ғаныс істері ғимараттары жо­баларын ойлас­тыру қа­жеттігі. Айталық, бұдан 4-5 жыл бұрын еліміздің аудандары үшін прокура­тура ғимарттарының жа­ңа жобасы жасалып, со­ған сай келісті кешендер салынып, пайдалануға бе­рілгені мәлім. Мүмкін, бұл мәселеге де осындай өмір­шең көзқарас тұрғы­сынан келгеніміз жөн шы­ғар. Екіншіден, мұндай жаңа­шылдық, қиырдағы қор­ғаныс бөлімдерінің сәнді де сәу­летті үйлері әскерге ша­қы­рылушылардың Отан­ды қор­ғауға қатысты алғашқы оң ой-тү­сінігін қалып­тас­ты­ра­ты­ны­мен де келіспеу еш мүмкін емес.

Ойды ой қозғайды. Бү­гінгі әңгімеміздің тақы­рыбынан алысқа кетпейтін тағы бір мә­се­лені қозғап кө­руге болатын се­кілді. Қан­ша айтқанмен, ау­д­ан­дар­дағы қорғаныс істері жө­­ніндегі бөлімдердің қыз­меті тек бір ғана көктемгі жә­не күзгі шақыруларды ұй­ым- дастырумен шектел­мей­ді. Бұдан өзге де атқа­ра­тын функциялық мін­дет­тері же­терлік. Мұндай жа­ғ­дай­да арнайы әскери шақырту бе­кет­те­рін тұр­ғызу қажеттілігі ту­ындайды. Бұл бағытта өңірде оны қай аудан­дардан бастап салу керек­тігін зерттеуге әрі зер­­делеуге көңіл бөлініп отыр­­­ғанын да айта кеткіміз келеді.

Бүгінгі таңда әскер қата­рына шақыру ісіне терең әрі жан-жақты көзқарас тұр­ғы­сы­нан келе білу қа­жет­тігі қай кездегіден де ма­ңыздырақ. Бұл іс қор­ғаныс істері жөніндегі құ­ры­лымдардың ғана емес, жергілікті атқарушы ор­гандар мен қоғамдық ұйым­дардың және ата-ана­лардың ортақ парызы деп білеміз. Тіпті, ел өңірлерінде болашақ Отан қор­­ғаушыларды әскер қата­ры­на салтанатты түрде шы­ға­рып салу орнығып жат­са, пат­риотизмге тәр­би­е­леудің кө­рінісі дегеніміз осы мерейлі сәт болып шық­­пай ма? Мұның өзі ел ал­дындағы парыз бен бо­рыш­ты өтеу қастерлі міндет еке­нін тереңірек ұғындыра, се­зіндіре түскен болар еді демекпіз.

Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан»

Ақтөбе облысы