• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Мамыр, 2017

500 теңге сыйақы

294 рет
көрсетілді

Павлодар облысы, Май ауда­нын­да басқа ұлттың өкілдері сау­­­сақпен санарлықтай. Олар қа­­­зақтардың ортасында жүр­ген­дік­­тен болар, мем­ле­кет­тік тіл­ді жақ­­сы біледі. Осы ауданда тоқ­са­ны­ншы жылдардың со­ңы­на қа­рай жұмыс бабымен бір­не­ше мәр­те болған кезімде көңіл тер­бе­тетін оқиғалардың куәсі бол­ға­ным бар еді. Соны қаз-қал­пын­да қағаз бетіне түсірдім.

500 теңге сыйақы

Кешегі кеңестік кезеңде со­ци­алистік жарыс деген болды. Ең­бек адамдарын ынталандырудың осы бір түрін Май ауданының ша­­­руашылық басшылары қайта жаң­­ғ­ыртқан. Социалистік жарыс емес, ең­бек бәсекесі деп ата­лады. Оның пай­дасы зор екенін ау­дан­ның «Кең­тү­бек», «Саты» шаруа­шы­лық­тарын аралаған кезде көз жет­кіз­геніміз бар. Пішен дайындауға бай­­ланысты бә­секе шарттары жаса­лып, оның қо­рытындысы әр апта сай­ын шы­ға­ры­лып, жеңімпаздарға нақ­ты ақ­ша тү­р­інде сыйақы бе­ріл­генін көр­ген­де таң-тамаша бол­ға­ны­мыз рас. Өй­т­кені, бұл уа­қыт өн­дірісте де, ауыл ша­­руа­шы­л­ы­ғында да қиын кезең бо­ла­­тын. Теңге тапшы. Айлықты зат­­тай алатын кез.

– Екі жылдай болып қалды, «ті­рі тең­гені» көрмегенімізге, енді ке­ліп сый­­а­қыны ақшалай алып жат­қа­ны­мыз­ға шү­кіршілік дейміз...

– Бес жүз теңге де ақша ғой, апта са­й­ын осылай болып тұр­са жанымызды салып жұмыс іс­теу­ден қашпас едік. Бұл – ме­ха­ни­заторлардың өзара күбір кү­бір әң­гімесі. Соны құлағым шалып қал­д­ы ғой.

Сол жылдары Май ауданының әкі­мі Қазкен Мұқашев болатын. Ол ме­ханизаторларды бірінен соң бірін шақырып, қолын қысып, сыйақысын беріп жатты.

– Штифель...

Қазкен Айтаханұлы осы фа­ми­ли­я­ны айтып, оны ортаға ша­қыр­­ған кез­д­е қасымызда тұр­ған он төрт-он бес жастағы ба­ла­ның кө­зінен жас ытқып кет­ті. Аң-таңбыз. Бақсақ, ол жа­ңа­ғы фа­милия­сы аталған мех­а­ни­за­тордың баласы болып шықты.

– Отбасындағы жалғыз асы­рау­­­шымыз әкеміздің үйге ақша әкел­­ме­геніне екі жыл болып қал­ды. Ау­ыр жүкті же­ңіл­­детсем деп мен де бірге шөп шабуға ке­ліп жүрмін. Жа­­ңа әкем бес жүз теңгені ал­ғанда кө­зіме жас келіп қал­ғанын өзім де бай­қамадым. Үй­дегілер бір қуанып қа­­латын бол­ды-ау...

Миша Штифельдің көңі­лін­дегіні жа­­сырмай айтқаны осы.

Көршінің жеріне «көз алартқан»...

Ақжар ауылынан атақты Кур­чатов қаласы қашық емес, таяқ тас­там жерде. Ақжар – Павлодар об­лысының елді­ ме­кені, Курчатов – Шығыс Қазақстан об­лысының ау­мағы. Сол уақытта, «Ақ­жар» өн­­дірістік кооперативінің тө­р- а­­ға­сы Темірғали Әл­жа­новтың ай­ту­­ын­ша, қа­­ла мен ауыл­дың бай­ла­­нысы жақ­сы бол­­ды. Ет-сүт­ті Курчатовқа апарады, ор­нына не ке­­ректің бәрін алады.

Жерде алғашқы қырбық қар бар. Күн соншалықты суық емес. Ауылды жа­намалай ағып жатқан Ертіс өзені әлі қа­та қоймаған. Өзен­­нің арғы шетіндегі мая-мая шөп көз­ге бірден түседі. Жер Шы­­ғыс Қазақ­стан облысының Бес­­­қа­ра­ғай ау­данына қарайды. Ал, дай­ын­дал­ған шөп – ақжар­лық­­тардікі.

– Қалайша? – деймін ғой таң қалып.

– Көршінің жеріне «көз алартып» жүр­ген Темірғали ғой, – деді ау­дан әкімі Қазкен Мұқашев.

– Оның мәнісі былай, – де­ді ша­­­­руа­шы­лық басшысы Те­мір­ға­ли­­ Әл­жанов. – Біз­де ша­бын­дық жер тап­­шы. Сондық­тан, Бе­с­қа­ра­ғай ау­да­ны­ның басшыла­ры­мен ке­лісімшарт жасап, Ер­тіс­т­ің суы жайылған, шөбі шү­й­гін ша­бын­дықты өз күшімізбен шау­­ып алдық. Өзен қатқаннан кей­ін бе­рі қарай тасып аламыз.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»