• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 31 Мамыр, 2017

Елбасы Астана әуежайының жаңа терминалында болды

82 рет
көрсетілді

Қазақстан Президентіне әуежайдың қызмет көрсету жүйесіне енгізілген жаңалықтар, соның ішінде өнімдігі сағатына 1200 сөмкені қамтитын жартылай автоматтандырылған жүк өңдеу жүйесі жөнінде баяндалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Эйр Астана» акционерлік қоғамының президенті Питер Фостермен әңгімелесіп, компанияның қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы өз еліміздің ішінде және шет елдерге ұшу бағдарларын көбейту жоспарлары туралы сұрады. 

Жаңа терминал төрт деңгейден тұрады. Оның үшеуі халықаралық рейстерге арналса, төртіншісі халықаралық демалу аймағына және ішкі рейстер жолаушыларының аймағына бөлінген.