Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Дәурен Абаев министрлік қызметінің нәтижелері, елімізде іске асырылған реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, министрліктің стратегиялық жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілу туралы және министрлікке қарасты салаларды дамытудың міндеттері бойынша хабардар етеді. Министрге сұрақтар және ұсыныстар болған жағдайда 8 (7172) 740343 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады немесе министрліктің ресми интернет-ресурсы http://www.mic.gov.kz. арқылы Ақпарат және коммуникациялар министрінің блогына бағыттауға болады. Есеп беру кездесуіне қатысу бойынша сұрақтар болған жағдайда 8(7172) 740725, 8(7172) 740745 телефон номерлеріне хабарласу қажет. Өтетін орны: Астана қ. Д.Қонаев көшесі, 4, мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залы. Аймақтардан қатысушыларға аймақтар әкімдігінен бейнеконференция қамтамасыз етіледі.
2017 жылғы 21 маусым күні сағат 11:00-де Ақпарат және коммуникациялар министрінің халыққа есеп беру кездесуі өткізіледі.