• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Ат спорты 31 Шілде, 2017

Әлем көкпаршылары Астанада... 

213 рет
көрсетілді

ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дандырылған көрмесі аясында ұлттық спорт түрлері бойынша өт­кі­зілуі тиіс іс-шараларының бірі – ал­да­ғы тамыз айының 20-28 күндеріне жос­парланған көкпардан І Әлем чем­пи­о­наты. Ұлттық спорт түрлері қау­ым­дас­тығының алдын ала мәлім ет­кен жоспары бойынша бұл додаға 15 мемлекеттің көкпаршыларын қа­тыс­ты­ру мүмкіндігі бар. Бірақ өткен аптаның екінші күні дүбірлі додаға бақ сынауға 12 команда толық ниет біл­діріп, олар елордадағы «Қазанат» атша­барында жеребе тарту арқылы өзара қарсыластарын анықтады. 

Әуелі чемпионатқа қатысатын 12 команда екі топқа жіктелді.  «А» тобына: Қырғызстан, Өзбек­- с­тан, Түркия, АҚШ, Тәжікстан, Моң­ғо­лия көкпаршылары;  «Б» тобына: Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Венгрия, Қытай, Ауғанстан көкпаршылары топтастырылды.  Жарыс 21 тамыз күні таңертең бас­талатын болды. Доданың алғашқы кү­ні Қырғызстан – Моңғолия, Қазақстан – Ауғанстан, Өзбекстан – Тәжікстан, Әзербайжан – Қытай, Түркия – АҚШ, Ресей – Венгрия елдерінің көк­паршылары өзара мықтыны анық­таса, жарыстың екінші күні Моң­ғолия – АҚШ, Тәжікстан – Түркия, Қы­р­ғызстан – Өзбекстан, Ауғанстан – Венгрия, Қытай – Ресей, Қазақстан – Әзербайжан құрамалары кездеседі.  Жарыстың үшінші күні Өзбекстан – Моңғолия, Түркия – Қырғызстан, АҚШ – Тәжікстан, Әзербайжан – Ауғанстан, Қазақстан – Ресей, Вен­грия – Қытай командалары арасында мық­тылар анықталады. Чемпионат тү­зіл­ген кесте бойынша әрі қарай жал­ға­сып, айдың 24-25-і күндері ширек және ақ­тық ойынға шығатын командалар анықталды. Қорытынды сайыс 26 тамызға жоспарланып отыр.