• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Қазан, 2017

Жұмысшыларына үй салып берген кәсіпкер

564 рет
көрсетілді

Ақмола өңірінің Сандықтау ауданында «Свобода» ЖШС басшысы Александр Закусилов өз қызметкерлерінің баспана мәселесін шешіп берді.  

Максимовка кентінен 10 тұрғын үй салып жатқан жеке кәсіпкер құрылысты жыл соңына дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр. «Свободное» ЖШС ауылшаруашылық дақылдарын өсірумен және мал шаруа­шы­лығымен айналысады. Бүгінгі таңда аталған ша­руа қожалығында асыл тұқымды 1500 ірі қара мал бар. Мал бағып, істерін өрге дөң­гелетіп жатқан қожалық табыссыз да емес. Оған серіктестіктің өз қызметкерлеріне тұр­ғын үйлер салып беруі дәлел. А.Закулисов бас­шылық ететін шаруашылықта 200 адам жұмыс іс­тейді екен. Бір бөлігі – өзге өңірлерден көшіп келген отбасылар. Сондықтан да баспанамен қамтамасыз ету күн тәртібінен түспеген өткір мәселе болатын. Ал кентте бос үй жоқ.

Қазіргі кезде «Свобода» ЖШС-да жұмыс істейтін 5 қызметкер отбасыларымен жаңа қоныстарына орналасып та үлгерді. Қалған 5 отбасы жыл соңына дейін қоныс тойларын тойламақ. Бұған дейін А.Закусиловтың бастамасымен кентте 7 коттедж тұрғызылғандығын айта кеткен орынды. Араға 8 жыл салып соның екеуін кәсіпорын директоры ауылдық амбулаторияның бас дәрігері мен «Свобода» ЖШС бас инженеріне қайтарымсыз негізде жеке меншігіне өткізіп берді. Сондықтан Максимовка кентіне педагогтар, дәрігерлер, техникалық қызметкерлер еш ойланбастан келіп жатады. Оның себебін олардың жемісті жұмыс істеуі үшін барлық жағдайдың жасалуынан деп білуге болады.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы,

Сандықтау ауданы