• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Қазан, 2017

Астанада қылмыстық құқықбұзушылық төмендеді

797 рет
көрсетілді

Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында қалада 23 595 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, ол өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 18, 1% төмен, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл аралықта аса ауыр қылмыс, кісі өлімі, зорлық, қарақшылық, ұрлық, алаятық және басқа да қылмыс түрлері азайды.

Астана қаласының ІІД мәліметінше, елордада қылмыс деңгейі 10 мың адамға 28,7% дейін төмендеді.

Елбасының  тапсырмасына сәйкес қабылданған қоғамдағы тәртіпбұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда.

«Жыл басынан бері 75 513 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның 3 296 кіші бұзақылық, 4 967 тыныштықты бұзу, 13 879 қоғамдық орындарда алкоголь өнімдерін ішіп, мас күйінде жүру, 12 243 – тыйым салынған жерлерде темекі шегу, 17 226 – абаттандыру ережесін бұзу, 1 331 – қоғамдық орындарда жармасу»,  - делінген Астана қаласының ІІД таратқан хабарламада.